21
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Жүрек сәлим (таза) сипатқа жету үшін рухани тәрбиеге мұқтаж

Жүрек сәлим (таза) сипатқа жету үшін рухани тәрбиеге мұқтаж

Ислам тарихы

Жүректің сәлим халге жетуі болса, тек қана рухани тәрбиемен тазаруына байланысты. Мәселен, теңіздің жағасында, құмның арасында өңделген, ғасырлар бойы толқындар соға-соға кедір-бұдырын түзеп, тегістеген, жарқыраған, майда гранит фарфар болушы еді ғой, сол сияқты.

Шикі әшекей тас та кесіліп-пішілмесе, пышақ соққысы мен шебердің қолынан өтпесе жарқырай алмайды. Бір грамм алтын алу үшін, бәлкім, бір тонна топырақты елеу керек. Яғни әрбір нәрсе тәрбиеленудің нәтижесінде құндылыққа ие болады. Жүрек те аяттағы айтылған сәлим (таза) сипатына жету үшін рухани тәрбиеге мұқтаж.

Өйткені жүрек рухани тәрбиеден бұрын суық темір сияқты бір күйде болады. Оның талап етілген күйге (имани дәрежеге) жетуі үшін алдымен отта еруі, тотынан, кірінен тазаруы, жұмсаруы, балқуы және соққы көруі керек. Тек осы халден өткен соң ғана лайықты күйге енеді. Осылай барлық іс-шаралардан өтпейінше жүрек те кемелденбейді. Ал, жүрек кемелденген соң бас-аяғы көрінбейтін, ақыл жетпейтін ақиқаттар әлемінің сыры ашылғанын, жүрек сезе бастайды. Сол үшін жүректің шыдамдылығы мен қабілетін жетілдіру қажет.

Мысалы, қатардағы біреу жасағанда, бәлкім, сүйегінің сынуына себеп болатын бір әрекет ұзақ жаттығудың нәтижесінде бір спортшы оңай істей алады. Бұл - дененің барлық күшін бір жерге біріктірудің нәтижесі еді. Сол сияқты жүрек Алла Тағаланың зікірі мен Алла Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйіспеншілігіне беріліп, күшеюі қажет.

Алла Тағала аят кәримада: «Алла еске алынған кезде жүректері дірілдеп, оларға Алланың аяттары оқылғанда имандары артып, тек қана Раббысына сүйеніп сенгендер - олар нағыз мүминдер» ("Әнфал" сүресі 2-аят) деп бұйырады.

Жүректің осы халге келуі үшін пенде күнәда тазарып, рухани кемелденуі шарт. Өйткені, күнәға толы, тәрбиеленбеген нұрсыз жүректің Алламен лайықты түрде байланысуы мүмкін емес.

Бастауыш мектептің баласы заң факултетіндегі шәкірттің кітабынан ештеңе түсінбейді. Өйткені, зейіні әлі ол дәрежеге жетпеген. Әлі жылдар бойы үйренуге мұқтаж. Сол сияқты жүректің де тәлім-тәрбиесі бар. Күнәға толы қараңғы жүректің Аллаға қауышу жолының сырларын түсінуі өте қиын.

Құлдың Алла алдындағы дәрежесі, негізінен жүректің жетілуімен байланысты болғандықтан, жүректің кемелденуі үшін арнайы бір рухани тәрбие қажет. Бұл тәрбиені болса, тасаууф деп атайды.

Расында бүкіл мәселе жүрекке тірелетіні сонша Алла Тағала ғибадаттар мен іс-әрекеттерде жүректің қандай күйде болғанына мән береді.

 

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: