22
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Разия – Аллаға риза болғандардың мәртебесі

Разия – Аллаға риза болғандардың мәртебесі

Ислам тарихы

Үнемі Хақ Тағалаға бет бұрып, Аллаен бірге болу сезіміне жеткен, Оның хикметі мен үкіміне бас иген, Раббысына разы болған нәпсі. Бұл мәртебеге жеткен құл өз ерік-қалауынан бастартып, Раббысының ерік-қалауына жан тәнімен беріледі.

Құран Кәрімнің: «Сен Оған, Ол да саған разы болған күйде Раббыңа қайт!» («Фәжр» сүресі 28-аят) - деген аятындағы «Сен Оған разы болып» - деген мағынасының осы мәртебеге ишарат еткендігі айтылады. Бұл ризалық жағдайы - Хақ Тағаладан келген барлық ауыр сынақтарға сабыр көрсетіп, бұл турасында Оның қалауын жан-тәнімен қабыл алу. Аят кәримада былай баяндалады: «Ант етеміз, сендерді аздап қорқыныш, аздап аштық, аздап мал-жандарыңды, өнімдеріңді азайтып сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле!» («Бақара» сүресі 115-аят)

Осы аят кәримада баяндалған «сабыр етушілердің» қатарында болу тек Алла Тағаланың жазғанына, ол адамға ұнамды түрде көрініс таппаса да, тек, ризашылық білдіріп, оған ешқашан қарсы келмеумен болады.

Міне осылайша нәпсі разия - иләһи қалаудың жақсылық немесе жамандық түрінде көрініс тапқан барлық үкімдеріне күмәнсіз мойынсұнып, ризашылық таныту, ешқашан шағымданбағандардың мәртебесі болып табылады.

Бұл мәртебелердің сынақтары бұрынғыларға қарағанда тіпті ауыр болады. Өйткені, адам рухани көтерілген сайын пәлелер көбейеді. Сондай-ақ, Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жайлы: «Адамдар ішінде ең көп пәлеге душар болатындар пайғамбарлар. Сосын оларға жақындығына қарай басқа адамдар. Демек, адамдар діндарлығына қарай пәлеге тап болады» (Тирмизи, Зүһд 57) - дейді.

Адам тек нәпсі деген бөгеттен құтылғанғанда ғана пәлекеттер мен машақаттарға лайықты түрде сабыр ете алатындай, оларды берушіге ризашылық білдіре алатындай қабілетке ие болады. Бұл ауыртпалықтар руханият жолының ерекше көріністері болғандықтан үлкен сыйлықтар үнемі үлкен шыдамдылық, сабыр, табандылық және төзімділіктің артынан келеді.

Бұл мәртебедегі мүминнің назарында, өмірдің ауыртпалығы мен қуанышы бірдей. Өйткені, дүниеге жүрекпен байланбағандықтан, өмірдің қуанышы мен қайғысы оларға бірдей болған. Жақсылық немесе жамандықтың қайсысы келсе де барлығын Алла Тағаладан деп біліп, риза болады.

Төмендегі мына шумақ осыны тамаша баяндайды:

Сенен не келсе де маған хош,

Не гүл шоғыры немесе тікен!

Не шекпен немесе кебін

Қаһарың да хош, ілтипатың да хош!

Осы шумақтағы айтуға оңай ақиқаттарды орындаудағы үлкен қиындықты жақсы түсініп, бағалай білу керек. Бірақ, разия мәртебесінде ғана шынайы айтылатын осы немесе осыған ұқсас сөздерді, әйтеуір жетілдім ғой, рухани пістім, елеулі болдым деп ойлап, немесе еліктеушілікпен уақытынан бұрын, әрі арт жағын ойламай, уайымсыз айтудан сақтанған жөн. Өйткені, ондай сөздер дау көтергендей болып көрінеді де, Алла Тағала құлының бұл сөзді шын көңілмен айтқан, айтпағанын сынаса, көптеген құл бұл сынға шыдай алмай, рухани сапарда жаяу қалып қалу қаупі бар!

Разия мәртебесіндегі құл иләһи сырларға қана бастайды. Алланың бір екендігін толық мойындап, рухани әлемдегі кемелдікті көруге қол жеткізеді. Алла Тағаланың есімі мен сипаттарының арнайы көрінісіне ие болу абыройына бөленеді. Оның тұлғасы жақсылықтың, көркемдіктің және туралықтың қайнар көзіне айналады. Иләһи әмір мен тыйымдарды ынтамен орындайды. Құлшылықты ықыласпен әрі Алла үшін орындағандықтан еш уақытта шаршамайды. Зерікпейді. Өйткені, құлды шаршататын нәрсе құлшылық етудегі ниетінде не мәртебеге жету, не керемет пен көрегендікке ие болу, немесе осыған ұқсас мақсаттарға жетем деген ниеті. Адам осындай мақсаттардың артына түссе, сол ниетімен өзінің жолын бөгеп, барлық еңбегін босқа жіберген болады. Мұндай жағдайда зікір мен пікірді ұмыттыратын шаршау байқалады. Сол үшін сәйрү сүлукте (тәрбие жолы) басынан соңына дейін Алла ризашылығынан басқа ешбір ниет болмау керек.

Хақ Тағала құлдарына күре тамырынан да жақын. Ең маңызды мәселе құлдың осы жақындықты жүрекпен сезініп, Раббысына жақындай білуінде. Сөйтсе ғана Алла Тағала құлдарына риза болады. Құлдары да Оның жолында күш-жігерін жұмсап, Оның тағдыры мен қазасына ризашылық білдіріп, кездескен иләһи көріністерді кемелдік пен қарсы алып, Оған разы болуы ләзім.

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: