Құран кәрімде: «Қажылық уақыты – белгілі айлар!», - деген. Белгілі айларда ғана қажылық парыз болғандығы себепті Пайғамбарымыз ﷺ көп қажылық жасамаған.
Алланың елшісі ﷺөз ғұмырында не бары бір мәрте үлкен қажылық және төрт мәрте умра(кіші қажылық) жасаған.
Ең әуелге умраны хижраның алтыншы жылында, екінші умраны хижраның жетінші жылында, ушінші умраны мекке алынған жылы, соңғы умраны үлкен қажылықпен бірге хижраның оныншы жылында жасаған[1].