Әбу Сағид (р.а.) риуаят етті:
Пайғамбардың (с.ғ.с) мына дұғасын күн сайын айтып жүр
Истиғфардың мырзасы болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына дұғасын айтып жүр:
Алла елшісі (с.ғ.с.) науқастарды зиярат еткенде не нәрсеге мән берген?
Алла елшісі (с.ғ.с.) науқастардың көңілін сұрауды мұсылманның мұсылман алдындағы парыздарының бірі деп білген. Дертке шалдыққан дімкәс жандардың хал-жағдайын сұрамағандардың Алла Тағаланың мейірімінен мақұрым қалатынын жеткізген.
Дұғаға арнаған уақытымның бәрінде салауат айтсам қайтеді?
Расулалла (с.ғ.с) былай бұйырады: «Қасында есімім айтылған кезде маған салауат айтпаған адамның мұрны жер сүрілсін» (Тирмизи, Дағуат 100).
Пайғамбарға (с.ғ.с) қатысты тоғыз әдеп
Алла елшісінің(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде-ақ Жаратушы Жаппар иеміз Құран аяттары арқылы сахабаларға оған деген әдептерді үйреткен. «Хұжырат» сүресінің алғашқы аяттарында Алла Тағала: «Әй, мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір-біріңе дауыстағандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Амалдарың жойылып, оны сезбей де қаласыңдар. Шынында Пайғамбардың жанында дауысын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүрегін тақуалық үшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар», – деп айтқан ("Хұжырат" сүресі, 2-3-аяттар).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үйінде немен айналысатын еді?
Бұл тағылымды жазбамызда ер азаматтың отбасы мүшелеріне қызмет етіп, үй шаруасына қолғабыс болуы жайлы сөз қозғаймыз. Көптеген ерлер үй тірлігіне араласуды — әлсіздік, әйеліне бағыну немесе соның айтқанымен жүру деп қате түсінеді. Олар адамзаттың асылы, жер бетін басып өткен ең ардақты тұлға — Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз шаңырағында жарына көмектесіп, үй шаруасымен айналысқанын ескермейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізді көрмей-ақ сағынды
Ол (с.ғ.с) – шыншылдығымен де, сабырымен де, мейірімімен де, жомарттығымен де, кішіпейілділігімен де бүкіл адамзатқа өнеге болып қалды.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірін толық сипаттап шығу мүмкін емес. Оның әрбір сөзі – хикмет, әрбір ісі – тәрбие, әрбір мінезі – үлгі. Бізге жеткілікті болғаны – Оның жүрегінен тараған нұрды сезініп, өмірімізге шамшырақ ету.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізді көрмей-ақ сағынды. Ол: «Менің бауырларым – мені көрмей иман келтіргендер», – деп бізді еске алды. Ендеше біз де Оның (с.ғ.с) сағынышына махаббатпен жауап берейік. Оған (с.ғ.с) көп салауат айтып, Оның мінезін өзімізге өлшем қылайық. Өйткені ақырғы өсиеті – Құран мен сүннетті ұстану еді.
Алла Тағала Құранда Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай дейді: «Алланың мейірімімен сен оларға жұмсақ болдың. Егер қатал, жүрегі қатайған адам болғаныңда, олар сенен қашып кетер еді» (Әли-Имран 159-аят).
Осы аяттың өзі-ақ Оның (с.ғ.с) қандай мінезді болғанын көрсетеді: жұмсақ, мейірімді, айналасындағыларға жүрегін ашық ұстаған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешқашан дөрекі сөйлеп, адамдарды ауыр сөзбен ренжітпеген. Ол кісі үйінде де, достарымен де, бөтен адамдармен де әрдайым жылы жүзді болатын. Қасына отырған адамға ерекше көңіл бөліп, әңгімесін тыңдап, құрметпен қарайтын.
Әзірет Әли былай сипаттайды: «Ол адамдардың ең кең пейілдісі, ең шыншыл сөздісі, ең жұмсақ мінездісі, ең абзал көршісі еді» (Тирмизи риуаяты).
материал «Бұл – Алланың елшісі (с.ғ.с)» кітабынан алынды,
ummet.kz
Пайғамбардың (с.ғ.с) барлық қасиетте ұлы болуы
Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай деді:
Пайғамбардың (с.ғ.с) әзіліндегі үш сипат
Шындығында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) әзілдейтін, бірақ тек шындықты айтатын.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ережеп айын қалай өткізді?
Қасиетті Құранда: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы.
Шынайылықтан бізге үлгі болуда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жетілікті
«(Мұхаммед) оларға: «Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін», – де» ("Сад", 86).