Әбу Бәкір ас-Сыддық (р.а) көптеген қасиеттер мен кереметтей мінез-құлықтардың қожайыны. Әрі оның жаны ізгі амалға құштар еді. Ол - құрметтілер мен игілерге үлгі.
Ол адамның ертең жақсы амал істеуге үлгермей қалатындығын, сондықтан, бүгін жасай алатынды ертеңге қалдырмау керектігін өте жақсы түсінді. Бүгін – амал бар, есеп жоқ, ертең есеп бар, амал жоқ. Әбу Һурайра (р.а) баяндайды: «Бір күні Алла Елшісі ﷺ сахабаларынан былай деп сұрады:
– Араларыңда бүгін кім ораза ұстады?
– Мен,-деді Әбу Бәкір (р.а).
– Араларыңда кім бүгін науқасты зиярат етті?
– Мен,-деді Әбу Бәкір (р.а).
– Араларыңда кім бүгін жаназа намазға қатысты?
– Мен,-деді, Әбу Бәкір (р.а).
Мұны естіген Пайғамбар (ﷺ): «Бұл қасиеттерге ие болған адамның Жәннатқа кірмей қалуы мүмкін емес» деді. Ал, сахабалар болса, Әбу Бәкірдің (р.а) ізгі амалдарда жарысуына қарап «Сенен кейін бізге ешнәрсе қалмады ғой» деп іштей қынжылады екен.
ummet.kz