21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Басшылықтағы қарапайымдылық

Ислам жұлдыздары

Әбу Бәкірдің (р.ғ.) қарапайымдылығы, кішіпейілдігі мен әділдігі халифа болып тағайындалғаннан кейін де бір мысқал өзгермеді. Ол өз күнін өзі көріп, отбасының нәпақасын өз маңдай терімен табудың жолдарын ойлап, соған ұмтылды, мемлекет қазынасынан ақша алу үш ұйықтаса түсіне кірмейтін. Ол  саудамен айналысқысы келді.

Сондай күндердің бірінде базарға беттеген оның алдынан хазіреті Омар шығып, оған халифа болғандығы үшін “байтул-малдан” (мемлекет бюджетінен) айлық тағайындалуын ұсынды. Хазіреті Әбу Бәкір (р.ғ.): “Алған бұл айлығымды кері өтей алмаймын ба деп қорқамын”,– деген еді.

Бірақ Омар (р.ғ.) оған уақытының тек мемлекет істеріне ғана жетерін, сауда жасауға уақыт қалмайтынын айтып, ақырында қазынадан күн көруіне жетерлік айлық алуға көндірді. Бірақ ол қайтыс боларда алған айлығының өзінің мирасынан есептелініп, өзінен кейін келетін халифаға берілуін өсиет етіп жазып кеткен.

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: