28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) ерекше құрметіне ие болған сахаба

Ислам жұлдыздары

Сахабалар Ардақты Расулдың ізгі мұрагерлері бола білді. Расулға толық бағыну арқылы олар ақиқатты ұстанды, дәріптеді әрі Алланың қалауымен адамзатты шуаққа бөледі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ерекше құрметіне ие болған сахабаларының бірі Сағд бин Әбу Уаққас (р.а.).

Ұхыд соғысында Сағд бин Әбу Уаққас (р.а.) Әлемдердің Сұлтанының (с.ғ.с.) жанында тұрып тоқтатпай мүшриктерге оқ жаудырды. Ардақты Пайғамбарымыз (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) да:

«Ата бер, ей Сағд. Әке-шешем саған пида болсын!» - деп жатты. Осыған куә болған Хазіреті Али (р.а.):

«Мен ардақты Нәбидің (салләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Сағдтан басқа ешкімге: «Әке-шешем саған пида болсын», - дегенін естімедім», - деді. (Тирмизи, Әдеп 61, Манақиб 26; Ахмед I, 92)

Асыл Пайғамбарымыз (салләл-лаһу ғаләйһи уә сәлләм) осындай алай-дүлей қанды шайқастың ішінде де берік иман қуатымен Алла Тағалаға тәуекел етіп, бір жағынан қанаған мүбәрак жүзін қолымен сүртіп, екінші жағынан Хақ Тағалаға сиынып:

«Ей, Раббым! Қауымым – надан, не істегендерін білмейді. Сен оларды тура жолға сал!» - деген дұғада болды.

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: