21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Уайыс әл - Қарани -табиғиндердің ең жақсысы.

Ислам жұлдыздары

Уайыс ибн Амр әл - Қарани (597 - 657) Йемендік мұсылман, шәһид және табиғин. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кезінде өмір сүрсе де, бірде - бір мәрте Расулланы (с.ғ.с) көрмеген. Сәби жасында әкесінен ерте айырылған.Өмір бақи анасына қызмет етумен болған. Хазреті Али ибн Әбуталибпен (р.а) танысқан соң Куфаға көшіп кеткен. Тарихшы Ибн Баттута әл - Қарани Сыффин соғысында шәһид болды деп жазады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

 

"أن من خير التابعين رجل يقال له أويس"

"Шынында табиғиндердің ішіндегі ең жақсысы Уайыс деп аталатын ер адам ",- деп айтқан. (Муслим) Ол кісімен Хазреті Омар ибн әл-Хаттаб (р.а) жолығып, Расулланың (с.ғ.с) өсиетіне сәйкес бата алғандығы жөнінде Әл - Хафиз Әбу Нағимнің "Хилиятул Әулиә" атты кітабында дерек бар. Бұл адамның осындай дәрежеге жетуі - анасына деген адал ұрпақтық қызметі мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген махаббатынан еді.

Өзі туып өскен Қаран елді мекенінің  жері шөлейтті, малға жайсыз жер болады. Жергілікті халықтың малын құнарлы жерге апарып бағып, біреу өзі бермесе ешкімнен ақы сұрамаған. Аллаға көп мінәжат жасап,көзі көрмей қалған кәрі анасына аяусыз қызмет ететін. Бір кездері алапес ауруымен ауырып, Аллаға дұға жасап, ауруынан сауығып, тек Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына оны сипаттағандай денесінде дирһам көлеміндей ғана белгісі қалған. Бұл оқиғадан түйетініміз - өзі табиғин бола тұра әулие болып, сахабаларға бата беру дәрежесіне жетуі, Алланың бұйрығына сәйкес  ата -анасын құрметтеуі мен Пайғамбарымыза (с.ғ.с) деген шексіз махаббатынан, Жаратқанға деген ерекше құлшылығы арқылы болғандығы ақиқат. Білген адам үшін бұдан үлкен ғибрат бар ма?!

Ал, Алланың әмірімен  Расулламен (с.ғ.с) көзі тірісінде жолықпауында - біз үшін көрмесек те, Расулалланы (с.ғ.с) сүйе білу  таңғажайып өнеге ғой. Алла осындай үлгі болып өмір сүрген құлдарынан разы болсын! 

  

Нұр – Мубарак университетінің докторанты

Қуат Қабдолда 

Бөлісу: