28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Зәкәрияның (а.с.) сабыры

Зәкәрияның (а.с.) сабыры

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Пайғамбарлармен жауласып, оларға қарсы кезеген кездігін төмен түсірмейтін қаскөйлер қай қоғамда да ұшырасады.

Зәкәрия пайғамбар (а.с.) бірде өзін өлтірмекші болған осындай бір топ залымнан қашып келе жатты.  Қуғыншылардың тықыры таяғанда пайғамбар сасқанынан алдынан кезіге кеткен бір ағашқа: «Әй, ағаш, құтқар, мені жасыр?!» - дейді. Сол жерде ағаш қақ жарылып, Зәкәрия (а.с.) оның ішіне кіріп жасырынады. Ізімен қуып келе жатқан кісілер көз алдарында ағаштың жарылып, қайта жабылғанын көреді.

Зәкәрияны (а.с.) өлтіру үшін шайтан оларға  әлгі ағашты арамен екіге  бөлу керектігін айтады. Залымдар бұл азғыруға еріп, ара әкеліп жуан дінді кесе бастайды. Араның  жүзі денесіне жетіп, қаната бастағанда Зәкәрияның  (а.с.) қиналғаннан жан дауысы шығады.

Сол кезде Жаратушыдан «Әй, Зәкәрия! Неге сабыр етпейсің?! Егер тағы үнің шықса, сені пайғамбарлар тізімінен шығарып тастаймын» деген уахи түседі.

Бұны естігенде Зәкәрия пайғамбар (а.с.) бар күшін жинап, шыдап тұрады. Дұшпандары оны осылай аралай берді. Асыл Пайғамбар (а.с.) Жаратушының бұйрығына мойынсұнып, сұмдық азапты ажалы келіп, аралап өлтіріледі.

Ал, адамдар оның өлімінен Жаратушының құдіретін таниды. Оның мұндай өлімге бұйырылу себебі –  қаскөйлерден бас сауғалап, жаны қысылғанда Зәкәрия пайғамбардың (а.с.) Алладан емес, алдынан шыққан әлгі ағаштан көмек сұрағаны себеп болған деседі.

Ummet.kz

Бөлісу: