26
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбарлардың бір-бірінен артықшылығы, үстемдігі

Пайғамбарлардың бір-бірінен артықшылығы, үстемдігі

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Құран кəрімде Алла тағала: «Расында пайғамбардың біреулерінен біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ, Дəуітке Зəбурды бердік»; «Уа, Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке жəне сөйлесуге таңдап алдым», – дейді.

Матуридидің пікірінше, пайғамбарлар бірінен бірі өткен игі жақсы адамдар болған. Әр пайғамбардың өзіндік келбеті, кемелдігі бар. Пайғамбарларға таңылған эпитет (теңеу), атақтар олардың бір бірінен үстемдіктерін көрсетеді. Кейбір атақ, атаулар пайғамбарға деген құрмет пен ілтипаттың нышаны болып табылады. Мәселен, Ибраһим – халилуллаһ, Мұса – кәлəмуллаһ, ал Иса – рухуллаһ. Бұл оларды дәріптеу, ұлықтау мақсатында келтірілген теңеулер ғана.

Матуриди пайғамбарлардың бір-бірінен артықшылығы туралы мынаны айтады: «Мұхаммед – Алланың елшісі...» аяты Мұхаммедтің (с.ғ.с) мерейі басқа пайғамбарлардан үстем екеніне дәлел болады. Құранда Мұхаммедтің рисалат және нубууат сипаттарына баса назар аударылады. Алла оған үнемі «Уа, Нәби!» немесе «Уа, Расул!», «Уа, Алланың Елшісі Мұхаммед!» сынды қаратпа сөздермен тіл қатады. Ал өзге пайғамбарларды әдеттегідей есімін атап шақырады. Мәселен, Мұса, Харун, Хұд, Салих, Ибраһим, Нұх (а.с.) және т.с.с. Осының өзі Мұхаммед пайғамбардың мерейінің үстемдігін анық көрсетеді».

Сонымен қатар, имам Матуриди пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) үмбетіне Құранда «Уа, мүміндер!» делініп, өзге үмбеттерге «Уа, адам баласы!» «Уа, Израил ұрпақтары!» делінгенін айта келе, Мұхаммедтің (с.ғ.с) мерейі басқа пайғамбарлардан үстем болғаны секілді, оның үмбеті де өзге үмбеттерден көш ілгері тұр деген болатын.

Пайғамбарлардың бір төбе, өзге адамдардың бір төбе екеніне ешкімнің таласы жоқ.Мұхаммедтің (с.ғ.с) пайғамбарлардың ең ардақтысы екенін де мұсылман әлемі сөзсіз мойындайды. Сондай-ақ, соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) күллі адамзатбаласына жіберілген әмбебап пайғамбар.

материал «Матуриди ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: