10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ. с.) құлшылығынан бізге насихат

Пайғамбарымыздың (с.ғ. с.) құлшылығынан бізге насихат

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

1. Алла Тағала: «Ей, бүркенген (Мұхаммед)! Түннің аз ғана (бөлігінен) басқасын (намазда) тұр!» – деген.

2. Айша (р.а): «Алла елшісі (с.а.с.) рамазанда да, одан басқа (айларда) да (түнде) он бір ракағаттан асырып (намаз оқыған) емес. Ол (әуелі) төрт (ракағат) намаз оқитын, оның әсемдігі мен ұзақтығы жайлы сұрама, сосын (тағы) төрт (ракағат) намаз оқитын, оның да әсемдігі мен ұзақтығы жайлы сұрама. Ал содан кейін үш (ракағат) намаз оқитын. Мен: «Уа, Алланың елшісі! Үтір намазын оқудан бұрын ұйықтайсың ба?» – деп (сұрағанымда): «Ей, Айша! Расында, көзім ұйқыда болғанмен, жүрегім ұйықтамайды», – деді», – деп айтқан.

3. Әсуад ибн Язид: «Мен Айшадан (р.а) Алла елшісінің (с.а.с.) түнгі намазы жайлы сұрағанымда, ол: «Түннің алғашқы бөлігінде ұйықтайтын да, сосын тұрып намаз оқитын. Таңға таяғанда үтір намазын оқып, сосын қайта төсегіне жататын. Қаласа, әйелімен жақындасатын. Азанды естісе, дереу орнынан тұрып, жүніп болған жағдайда үстіне су құятын (яғни ғұсыл құйынатын), әйтпесе дәрет алып, намазға шығатын», – деді», – деп айтқан.

4. Әбу Һурайра (р.а): «Алла елшісі (с.а.с.) аяқтары ісініп кеткенше намаз оқитын. Оған: «Уа, Алланың елшісі! Алла сенің бұрынғы және келешектегі күнәларыңды кешірсе де, осылай істейсің бе?» – десе: «Шүкір етуші пенде болмаймын ба?» – дейтін», – деген.

5. Алла елшісі (с.а.с.): «Маған бұл дүниедегілер арасынан әйелдер мен иіссу ұнады, ал көзқуанышым – намазда», – деп айтқан.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: