«Сен біз секілді адамсың шыншылдардан болсаң, бір белгі әкел», - деп айтты Салих(алейһис-сәләм) Пайғамбардың қауымы [Шұғыра сүресі, 154].
Олар: «Біз кез келген белгіні қабылдаймыз, оны өзіміз таңдаймыз. Мына үлкен жартас жарылып, ішінен түйенің шығуын қалаймыз, және ол он айлық буаз, қызыл түсті, жүні қалың, өмірде көрмеген алып, оның үлкендігі сондай, құдықтан су ішкенде бір күн ішетін болсын» - деді.
Салих оларға қарап: «Осы белгілерің орындалса иман келтіресіндер ма?», - деді.
Олар: «Иә», - десті.
Сол уақытта Салих Раббысына дұға қылды. Жер теңселгендей күй кешіп, жартас қақ бөлініп, өте алып түйе шықты.
Бәлкім ол тарихтағы ең алып түйе...
Сонда Алланың әмірін жеткізіген Салих былай: «Ей, халқым! Мынау-Алланың арунасы,..», «Самуд еліне көрнеу түрде аруна жібердік», - деді [Исра сүресі,59].
Олар бұл мұғжизаны көздерімен көре тұра, аз ғана бөлігі иманға келіп, қалғандары түйеге зұлымдық жасады.
Олар: «Адамдар бізді тастап Салихке еріп кетеді. Біз түйенің қайткенде де көзін құртумыз қажет», - десті. Құдар ибн Салиф тоғыз жолдасымен түйені өлтіруге серт беріп жолға шықты. Тастың үстіне шығып, түйе өтер жолдан күтіп алып, аяғын сындырып, тоғызы жабылып буыздап өлтіреді. Құранда бұл оқиға: «Жолдастарын шақырды да, ол түйені өлтірді», - деген [Қамар сүресі,29].
Олар Салихке ашық қарсы шықты. Салих оларға: Алланың азабы үш күннен кейін келеді күтіңдер, - деді.
«Расында оларға қатты бір дауыс жібердік те, олар шарбақ қораның уатылған қу жапырағындай болды», - деген [Қамар сүресі,31].Иман еткендерден басқаларын Алла Тағала жер бетінен жойды.
Адамзат тарихында тауларды қашап, үй салудың хас шебері болған қауымдар өмір сүрген. Солардың бірі Самуд елі болатын. Бұл туралы Алла былай суреттейді: «Сондай-ақ ойпаттарды жартастарды ойған самуд елі...», - деген [Фәжір сүресі, 9].
Олардың үйінділерінің қалдықтары әлі күнге дейін сақталған. Мәдина қаласынан солтүстік-батысқа қарай 380 шақырым қашықтықта орналасқан «Мәдәин Салих» деген елді мекеннен көруге болады. Алла Тағала: «Міне, Олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері білген елге бір ғибрат»,- деп келтірген [Нәміл сүресі, 52].
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Құран Кәрім», Халифа Алтай.
«Қиссасу Әнбия», Имам ибн Касир.
«Пайғамбарлар қиссасы», А.Қыдыров...
Дайындаған: Қанат Қалымбет