20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Кім мықты Жын ба, Адам ба?

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Билқис патшайым өзінің әскерлерімен Сүлеймен патшаның құзырына бағынуға жолға шықты. Билқистың ерекше жақсы көретін тағы болатын. Ұзақ сапарға шыққан кезде тағын арнайы сарайға жасырып кететін.

Олардың келе жатқанын естіген Сүлеймен пайғамбар қол астындағы үлкен жындарын жинап: «Ей, мықтылар! Олар маған бойұсынып келуден бұрын қайсыларың оның тағын маған алып келесіңдер?» - дейді. Сонда: «Жындардан (Ифрит) бір үлкені: «Тақты мен (жиналыс бітіп) сен орныңнан тұрғанша әкелемін. Шын оған күшім жететініне сенімдімін», - деді. Сонда кітаптан ілімге ие болған біреу: «Оны кірпік қағуыңнан бұрын әкелемін»,[1]-деді де, қас қағым сәтте Сүлейменнің алдына алып келді.

Сүлейменнің сарайына өкілдерімен кірген Билқис тақты көріп таң қалып, көздерін ала алмай қалды.

Таңданысты аңғарған Сүлеймен Билқисқа:

-  Сенің тағың осындай ма?-дейді. Билқис сонда:

-  Соның нақ өзі сияқты –деді.

Билқистың тағын крпік қаққанша алып келген адамды имам Қатәда: «Исрайл ұрпағына иман келтірген бір жігіт. Есімі оның Асаф»[2],-деген.

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы


[1] Нәміл сүресі, 39/40

[2] Ибн Кәсир тәпсірі.

Бөлісу: