19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Әй, Адам!

Әй, Адам!

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Адам ата (а.с.) жұмақтағы әрекетіне қынжылып, тәубә етіп жалынғанда Алла Тағала оны кешірді. Бұны Жәбірейіл мен Микайыл періште:

-  Әй, Адам! Саған қуанышты хабарымыз бар, Алла Тағала тәубаңды қабыл алды, - деп жеткізді. Періштелердің барлығы оны құттықтады.

Осы кезде Алла Тағала мынадай уахи түсірді:

- «Әй, Адам! Кейінгі ұрпақтарыңа сен қиындық пен ауыртпалық мирас еттің. Мен болсам оларға тәубаны мирас еттім. Олардан кім маған жалбарынып дұға етсе, сенің дұғаңды қабылдағанымдай олардың да дұғасын қабыл алатын боламын. Кім менен күнәсіне кешірім тілесе, кешірімімді одан аямаймын. Өйткені Мен – маған қол жайғандардың ең жақынымын әрі тілектерін қабыл алушымын. Күнәсіне тәубә еткендердің дұғаларын қабыл алып, оларды қабірден қуанышты кейіпте шығарып, Махшарға жолаушы ететін боламын».

Ummet.kz

Бөлісу: