18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти: Ғылымнан асқан ғазиз дүние жоқ

Бас мүфти: Ғылымнан асқан ғазиз дүние жоқ

Мақалалар
Жарнама

«Нұр Мүбәрак» университеті студенттері мен медресе-колледж шәкірттерін, барша оқушылар мен білім жолындағы іні-қарындастарымды, бауырларымды 1 қыркүйек – білім күнімен құттықтаймын! 

Алла Тағала алған білімдеріңізді елдің игілігі жолында жұмсап, екі дүние бақытына жетуді нәсіп етсін!

Білім алу – асыл дініміз Исламның басты талаптарының бірі. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадис-шарифінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», - деген. Алла Тағала алғашқы аятын уахи еткенде: «Оқы!» деп бұйырған. Құран Кәрім аяттарында 600-ден аса білім туралы баяндалған.

Білім – баға жетпес қазына. Ілімсіз өркениет жоқ. Бүгінде күш пен қуат – білімде. Ғылымнан асқан ғазиз дүние жоқ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Білім мен хикмет мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы, қай жерден тапса да иемденіп алсын», – деген. Оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздарымыз, бауырларымыз ел-жұртқа пайда әкелер білім ізденсе, жаһанның ең озық технологияларын үйреніп, оны өзгеге үйретсе – елге қосқан үлесі осы болмақ.

Әйгілі ғұлама Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазали: «Пайдалы біліммен шұғылдану – бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы...», - деген екен.

Алла Тағала баршамызға пайдалы білім алып, дініміз бен елімізге қызмет ете беруді нәсіп еткей! Әмин!

Серікбай қажы ОРАЗ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти

Бөлісу: