24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Құранда тыйым салынған іс

Құранда тыйым салынған іс

Мақалалар
Жарнама

Ақшаны ысырап ету, керексіз нәрсеге жұмсау – берекесіздіктің қайнары. Ислам діні игі кәсіпке, қанағатшылдықпен ақшаны үнемдеуге және оны ізгілік жолында жұмсауға шақырады. Бұлай істеген пенде мал-мүлкімен сыйлы болады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Салиқалы кісінің қолындағы мал-мүлік қандай жақсы», - деген. Расында уайым мен қайғыны қарыздың көптігі мен тақыр кедейлік әкелмек. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) одан Аллаға сыйынып «Алла Тағалам! Күпірлік пен кедейліктің жамандығынан өзіңе сыйынамын», «Кедейлік аз қалса күпірлік бола жаздады», - деп оның қаншалықты ауыр сынақ екенін білдірген.

Осы хадистердің мағынасы бізге мынаны білдіреді:

Сен үшін өміріңе жетерлік азығың болуы керек. Сонда ол сені басқаларға қол жайып тіленуден тыяды. Осылайша сенің сүйкімің қашпайды әрі ешкімге кіріптар болмайсың. Өз нәсібеңе қанағат етсең, ешкімге алақан да жаймайсың.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

قَدْ أَفْلَحَ مَنْ أَسْلَمَ وَرُزِقَ كَفَافًا وَقَنَّعَهُ اللَّهُ بِمَا آتَاهُ

«Өзіне жететіндей ризық-несібесі болған және Алланың берген ризық-несібесін Алланың қалауымен қанағат тұтқан мұсылман адам сөзсіз жетістікке жетеді», - деген. Тағы бір сахих хадисте: «Артыңдағы мұрагерлеріңді бай күйде қалдыруың оларды басқаларға мұқтаж күйде қалдырғаныңнан жақсы», - деген. Олай болса, мұсылман адам тепе-теңдікті сақтап, беруде де, сұрауда да орнымен болса жарағаны. Тіпті кейде қолындағының барлығын беру де адамды тақыр жерге отырғызса, шексіз сараңдық та адамды, адамгершіліктен шығарып, бауырына деген жанашырлықтан айырады. Бұл туралы Құранда: «(сараңдық жасап) қолыңды мойныңа байлап алма және (тым  ысырапқа  барып) қолыңды  бүкілдей ашып та жіберме» деп, беруде тепе теңдік ұстануды дұрыс санаған. Олай болса сұраушыдан, беруші қол жақсы болмақ. Алла «Бақара» сүресінің 273-аятында: «..Білмегендер оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер», - деген.

Адамдардан ризық, нәсіп күтіп жалбарынба! Расында Алла Тағала ризықты, ажалды кепілдікке алған. Өйткені ешкімнен сұрамайтын адамдар игі, бастары көтеріңкі және абыройлы болып келеді.

Бұл  жайында  Құранда: «...(кедейлер)  тіленшілік етпегендіктерінен басқалар оларды бай деп ойлайды, кейіптерінен де белгілі, ешкімнен қадалып тіленшілік жасамайды...» деп мұсылман кедейлер, намысты, абыройлы болғандықтары сонша олардың кедей екендіктерін біле алмайды. Тек білер болса парасатты, көкірегі ояу адамдар ғана тани алады екен. Және олар сұрағанда да қадалып, артынан қалмай, байларға жабысып, жалбарынып тіленшілік жасамайтындығымен сипатталған. Тіпті олардың сұрамайтындықтарынан басқалар оны бай деп ойлап қалады екен. Бұл да кедей мұсылманның Құрандағы сипаты.

Наурызбай қажы Тағанұлының «Үміт сәулесі» кітабынан.

Бөлісу: