29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ең жақсы адам – басқаның ақысына кірмейтін адам

Ең жақсы адам – басқаның ақысына кірмейтін адам

Мақалалар
Жарнама

Сізді жоқтан бар еткен, барлық құдырет тән болған, сұраған дұға-тілегіңізді қабыл етіп, таудай болған күнәңізге кешірім берген, таусылмайтын шексіз құдірет иесі Алла Тағаланың өзіңізді жақсы көргенін қалайсыз ба? Ендеше, сіз де осындай жан болыңыз.

Ең жақсы адам – басқаның ақысына кірмейтін адам.

«...Алла әділдікке, адам құқығына ерекше мән беретіндерді жақсы көреді» («Мумтахана»  сүресі, 8-аят).

Әбу Ханифаның әділ саудасы

Бірде Имам Әбу Ханифаға бір әйел келіп жібек матадан жасалған киім сатпақшы болады. Имам қанша тұратынын сұрағанда әлгі әйел киімді 100 дирхамға бағалайды.

Сонда Имам:

- Бұл киім одан да қымбат тұрады, - дейді. Әйел:

- Ендеше 200 дирхам, - деді. Әбу Ханифа сөзін қайталап:

- Бұл киім одан да қымбат тұрады?! - дейді. Әлгі әйел 300, сосын 400 деп бағасын өсіре берді. Имам Әбу Ханифа:

- Бұл киім одан да қымбат тұрады, дей бергенде әйел:

- Сіз мені мазақ етіп тұрмысыз, - деп таңдана қарады. Сонда Әбу Ханифа:

- Мен бұны 500 дирхамға сатып аламын, - деп, жаңағы әйелдің тауарын лайықты бағасына сатып алған екен.

ummet.kz

Бөлісу: