04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы

Табыстың адалдығы мен кірістің тазалығы

Мақалалар
Жарнама

Табыс пен пайда табуда оның таза әрі халал болуы  аса  маңызды.  Ислам  діні  бойынша  діннің  таза  деп  қабылдаған  нәрселерін  ғана  тұтынған  жөн.  Яғни,  тұтынылатын  нәрселердің,  заттар  мен  бұйымдардың  діни тұрғыдан халал әрі таза болуы шарт.  Мұсылман  адам  кез-келген  нәрсеге  діни  талғам  тұрғысынан  қарайды. 

Неге  десеңіз,  ол  ішкен-жеген  нәрселерінің  барлығы рухани  өміріне,  сана-сезіміне,  мұсылмандық өмір салтына жағымды-жағымсыз әсер  ететінін жақсы біледі.

Мүмин кісі өзін рухани әлсірететін нәрселерден ба-рынша бойын аулақ ұстағаны жөн. Мұндай жағдайдың  әрі  осы  дүниеде  де,  ақиретте  де тигізетін салдарла-рын әрдайым қаперінде ұстайды. Сондықтан да ішіп-жейтін, қаражат ретінде жұмсайтын нәрселерінің діни  қағидаларға сай таза әрі халал болуына аса мән береді.  Өйткені, Құран Кәрімде: «Ей, адамдар! Жер жүзіндегі  халал  әрі  таза  нәрселерді  жеңдер,  шайтанның  ізіне  ермеңдер, өйткені ол сіздің ап-айқын дұшпаныңыз» – делінген. Сонымен қатар, көптеген жерде мына жайды  да есімізге салады: «Ей, адамдар! Сіздер үшін таза етіп берілген  ризықтардан  жеңдер.  Шайтанның  соңынан ермеңдер.  Ешқашанда  дінге  жат  алдап-арбауларға бармаңдар. Дінге жат әрекет жасап, өз амалдарыңызды шайтанның  ісіне  сәйкестендірмеңіздер.  Себебі,  ол Алланың ең жек көретін дұшпаны» осыған ұқсас тағы бір аятта бұл жайды одан әрі аша түседі: «Ей, иман еткендер! Сендер үшін халал ризық еткен нәрселерден жеңдер, егер Аллаға шынайы құл болсаңдар шүкіршілік жасаңдар»

Міне, егер Аллаға саналы түрде құлшылық жасау қажет  болса, халал,  таза  етіп  жаратқан  ризықтарды тұтынумен қатар, шүкіршілік ету қажет. «Маида» сүресіндегі мына аяттар да Ислам дінінде ненің халал, ненің харам екенін айқын білдірген: «Өлік, қан, доңыз еті, Алла тағаладан басқаның атына сойылған малдар, (жаны шықпай тұрып бауыз-далмай) тұншығып өлген, бір жерінен атып өлтірілген, құлап (домалап) өлген, (басқа жануар немесе мал та-рапынан) сүзіп өлтірілген, жыртқыш хайуандар тара-пынан желінген және тігулі (пұт) тастардың атына сойылған малдарды жеу әрі пал оқтарымен сәттілік іздеу сіздерге харам қылынды»

Бұларды халал  есебінде  қолданатын  халықтар да  бар.  Алайда Алла  тағала  таза  әрі  мінсіз  болмыс-пен  жаратқан  құлдарына  кір,  лас  болып  табылатын нәрселерді лайық көрмейді. Сондықтан болар: «Таза  болатындар  тазаларға  лайықты» деген қағида  негізінде  Ислам  діні  мұсылмандарға  лайықты емес нәрселерге тыйым салған.

Тазалық  дінімізде  өте  маңызды  болғандықтан тұтынатын нәрселеріміздің таза болуына мән бергеніміз жөн. Ендеше, тұтынылатын азықтардың тазалығы мен халалдығына тереңірек назар аударайық.

Ислам  діні  бойынша  ішіп-жеуге  жарамды әрі  жа-рамсыз нәрселердің ара-жігі ертеден-ақ ажыратылған. Мәселен,  алкогольдік  ішімдіктерге  қатысты  Құранда «рижс»  сөзі  қолданылған,  бұл  сөз  алкогольдік ішімдіктердің  әрі рухани  жағынан  әрі  заттық  сипаты жағынан лас, харам нәрсе екендігін білдіреді.

Мас  қылатын  барлық  нәрсе  ішімдік  болып  саналады.  Ислам  діні  оны  мүлік  ретінде  қабылдамайды. Сондықтан  да  болар,  мәселен  бір  адам  көп  мөлшерде алкогольдік  ішімдік  ұрлаған  жағдайда  бұл  үшін ұрлық жазасы қолданылмаған. Ал егер әлгі ішімдікті төккен  болса,  келтірген  шығыны  төлеттірілмеген. Себебі, Ислам құқығы бойынша алкогольдік ішімдік, «мәл-и мүтәқәууим», яғни құны, қадірі жоқ зат болып саналған.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: