07
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Шарапат іздедім, қанағаттан таптым

Шарапат іздедім, қанағаттан таптым

Мақалалар
Жарнама

Хадис шәрифтерде былай айтылған:

«Қанағат – бітіп-таусылмайтын қазына» (Дәйләми, III, 236/4699).

«Дүниеге берілмесең, Алла сені сүйеді. Адамдардың қолына қарамасаң, халық сені сүйеді» (Ибн Мәжә, Зүһд, 1).

«... Мүминнің абыройы – түнгі құлшылықта; ізеті адамдардың қолына қарамауында (көңіл тоқтығында)!» (Хаким, IV, 360-361/7921).

Кейбіреулердің толған дүниеге ие болса да, көздері тоймайды. Оларға барлық дүниені берсе де «Айдан да жер телімі не басқа бір нәрсеге ие бола ала аламын ба?» дей бастайды. Қанағаты жоқ адамдардың бұл жағдайын Алла Расулы былай суреттеп берген:

«Адам баласының үлкен ойпатқа толы алтыны бар болса да, екінші ойпатым болса екен деп, тағы сұрайды. Оның көзін топырақтан басқа еш нәрсе тойғызбайды. Бірақ, Алла тәубеге келгеннің тәубесін қабылдайды» (Бұхари, Риқақ, 10).

Қысқасы, адамды биіктететін жағдай – қолындағыға қанағат етіп, рухани тұрғыдан құл ретінде үнемі Алланың сыйы мен жәрдеміне мұқтаж, зәру екенін білуі тиіс. Өйткені өзіне дүние берсе, ақыры оның бәрі осы дүниеде қалады. Қиямет-қайымда бұл дүниенің өзі жарылады...

материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz 

Бөлісу: