11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарды (с.ғ.с) сүю үшін мына үш нәрсені біліңіз

Пайғамбарды (с.ғ.с) сүю үшін мына үш нәрсені біліңіз

Мақалалар
Жарнама

Бірде Омар (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қолынан ұстап алып:

– Мен сізді нәпсімнен басқа барлық нәрседен қатты жақсы көремін, - дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) күлімдеп:

– Жаным қолында болған Алламен ант етейін! Нағыз мүмін әуелі Ұлы Раббысын, кейін Оның Елшісін өз нәпсісінен де артық көреді! - дейді.

Омар (р.а) бірден:

– Алланың атымен, міне, енді әуелі Ұлы Раббымды, сосын сізді жанымнан да артық жақсы көремін, - дейді.

– Міне, енді ғана Омар.., - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) толық сүю үшін мына үш нәрсені білу керек:

1. Оның үмметіне осы дінді жеткізу үшін қаншалықты қорлық көргенін сезініп, білуіміз керек. Таифтан қуды, елден аластатты, басы жарылды. Сиқыршы, өтірікші, жынды деп аталды.

2. Оған көп салауат айту. Себебі біреуге ғашық адам сол кісінің есімін көп айтады.

3. Оның амалдарын өмірде, практикада орындау. Жұмсақ болу, мейірімді болу, қамқор болу, жомарт болу т.б.

материал «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: