10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Күллі адамзат баласының ішінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың есімі ерекше құрметке ие екендігі баршамызға белгілі. Өйткені, Пайғамбарды (с.ғ.с.) Алла Тағаланың өзі, қала берді барша періштелер, тіпті өзінен алдын өткен пайғамбарлар да айрықша әспеттеп, биік дәрежеге көтерген.  Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) – «көркем мінезді кемеліне жеткізу» үшін жер бетіне жіберілген ерекше болмыс иесі. Ол – Мейірім мен шапағаттың қайнар бұлағы болған Ұлы шапағатшы, адамдардың мырзасы, Махшар күнінде көмек беруші, Пайғамбарлардың сұлтаны еді!

Қателікті арқалаған дұрыс сөз

Құран Кәрімде: «Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады»1, – делінген. Тәпсірші ғалымдардың айтуы бойынша, бұл аят Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында яһудилерге қатысты түсірілген.

“Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 1 000 000 салауат” жолдаңыз

Бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы Пайғамбарға деген сүйіспеншілік Аллаға иман келтірген әрбір мүміннің жүрегінің төрінен орын алатыны мәлім. Алла Елшісінің (ﷺ) хазреті Омарға (р.а.) «мені өзіңнен артық сүймейінше иманың толық болмайды» деуінен-ақ Расулуллаға (ﷺ)  деген сүйіспеншіліктің қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Ал енді Пайғамбарымызға (ﷺ)   деген махаббаттың көрінісі күнделікті өмірімізде қалай байқалмақ?

Екі дүние саруарының бір күні

Алланың адамзат баласына берген құнды нығметтерінің бірі әрі бірегейі – уақыт. Жара болса жазылады, мал жоғалса табылады. Алайда өткен уақыттың қайтып келмейтіні ақиқат. Демек орны толмас осы бір нығметті тиімді қолданып, бос өткізбес үшін, әр күнімізді жүйелі әрі жоспарлы өткізуіміз керек-ақ. Осы ретте әрбір істе бізге өнеге болатын, тек өзінің ғана емес, мойнына үмбетінің жүгін арқалаған Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын) өз күнін қалай өткізгендігіне шолу жасауды жөн көрдік. 

Расында ең ауыр күнәлардың бірі ол – өзге мұсылман бауырыңның айыптарын жария ету. Сондай-ақ, кемшілікке бой алдырған адамның кемшіліктерінің жария болуына қуану да сөзсіз күнә болып есептеледі.

Мұғжиза – Алла Тағаланың өз пайғамбарларына берген адам баласының қолынан келмейтін таңғажайып істері. Мұғжиза көрсетудегі мақсат – олардың пайғамбар екендігін дәлелдеу. Мұғжиза – негізінен Алланың ісі, пайғамбар тек оған дәнекер ғана болады.

Азаматтық қоғам қалыптастыруға арналған қадам

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.