Адам баласы өзінің жұмбақ, сан қатпарлы болмысымен таң қалдырады! Расында, адамзат – періштелердің өзін тамсандыратын тамаша қасиеттерімен қатар, жантүршігерлік зұлымдықтарға да бара алатын жаратылыс. Бір бойында сан түрлі қарама-қайшылықтар сапырылысқан пенде өзі туралы не ойламады дейсіз?!
Жүз күннің жүгі...
Асылында, дін қызметкері есеп үшін емес, есеп күні үшін жұмыс істейді. Алланың разылығы, халықтың қамы, қоғамның игілігі үшін қызмет ететін адам осы ниеттің негізінде жанқиярлықпен амал етіп, басын бәйгеге тігеді...
«Балапан қари» балаңызды Құранға баулиды
Бір күні құрбым әңгіме арасында Алматыдағы Байкен мешітінде балаларға құран үйрететін орталық барын айтты. Шыны керек, елең ете қалдым. Бұрын-соңды естімеген едім. Іштей қуанып, орталық туралы сұрай бастадым. Құрбым азды-көпті ақпарат берді де, Instagram желісіндегі парақшаны көрсетті.
Дінді үйреніп жүргенде мына қателіктерден сақ болыңыз
Тарихымыздың 300 жылға жуық отарлық кезеңінде ұлтымызға қарсы жүргізілген қитұрқы саясаттың кері салдары бүгінгі күні анық, айқын көрінуде. Қазірде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, дініміз бен діліміздің өзегін түсінуден алшақтап қалған жайымыз бар.
Қадір түнін үйде қалай өткіземіз?
Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бүгін мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара болып саналады.
Рамазанның соңғы он күнін қалай өткіземіз?!
Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың. Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз? Өзіңізге сауал қоятын уақыт келді!
Ислам дініне жала жабушыларға жауап
Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Өйткені, Ислам діні – қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Барлық қазақ хандары Керей мен Жәнібектен бастап ең соңғы қазақ ханы Кенесары өздерініңмұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінгендіктерін атап кеткен. Сонымен қатар, құқықтық нормалардың басым бөлігі шариғатпен қатар дала әдет-ғұрпымен байланысты болған.
Нәпсі тәрбиесі
Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі.
Денсаулыққа зиянды 8 тағамдық қоспа
Рамазан – жан мен тәнді рухани тазартатын мектеп. Ораза – жанның азығы, тәннің шипасы. Ал біздің жанымыздың рухани кемелденуіне әсер ететін факторлардың бірі – адал ас тұтыну.
Рамазан – тақуалық айы
Рамазан айы - рухани жаңару айы, Аллаға бет бұру, Оған жақындау. Бұл ай момын-мұсылман үшін тақуалықты күшейтуге зор мүмкіндік. Тақуалыққа жеткізетін алғышарттардың бірі ол - тәубе ету.