22
Жұма,
Қараша

һижри

Ажалмен бетпе-бет келгендер.

Мақалалар
Жарнама

"Өлмейтін" ер жүрек батырларды кинода ғана болады деп ойлайтынымыз бар. Бірақта, ержүрек, қайсарлы, төзімді алғырлықтың арқасында ең қиын жағыдайларды жеңіп шыққан салымды адамдар өмірде де бары анық. Ендеше олардың шынай тарихымен таныс болыңыз!

 

Анна Багенхольм қатып қалса да аман қалған.

Анна Элизабет Йохонсон Багенхольм есімді әйел 1999-жылы тауда шанамен сырғанап келе жатып жығылып мұздағы суға басымен барып құлаған. Денесі, басы 20 см қалыңдықта мұзға қыстырылып, шанғылы аяғы мұздың үстінде қалған. Осы уақытта дене температурасы 13,7С дейін түскен, мұндай жағыдайда адам аман қалуы тарихта болмаған екен. Бағына орай Анна су мен мұздың арасындағы саңылаудан тыныс алатын орын тапқаннан кейін 40 минут бойы тыныс алуға мүмкіндігі болған. Құтқару жұмысы 80 минутқа созылған. Әйелді алып шыққанда ол ес-түссіз болғанымен 3 сағаттан соң ауруханада жүрегі соға бастаған.

Марафоншы Мауро Проспери Сахарада 9 күн адасқан

Марафонға жүгіруші Мауро Проспери Мароккада болған жарыс кезінде құмды дауылға тарып жол көрінбей адасып, ешқандай нәр татпастан, Сахарада 9 күн бойы шөлді кезіп 300 шақырымдай жүрген. Мауро тірі қалуы үшін несебін ішкен (кіші дәрет) күндіз демалып кешке таңертең жүріп отырып, бес күннен соң қираған ғибадатханаға кез болған. Сонда ұя салып орналасқан жарқанаттарды ұстап қанын ішкен екен. Жарқанаттың еті адамды қатты шөлдететінін білгендіктен етін жемеген. Төзімі таусылған Мауро әйеліне хат жазып, тамырын қыйып өлмек болғанда, ашыққаннан қоюланып қалған қаны ақпай қойған. Сүйтіп ол «ажал уақыты болмаған екен» деп басына түскен қиыншылықпен арпалысуға бел буады. Содан ол сегіз күн бойы несебін ішіп отырып. Кішкентай малшылардың тұрағына жеткен. Екі тәуліктен соң малшылар тауып ауруханаға жеткізген. Мауро бұл уақытта 18 кг салмақ тастаған.

Весна Вулович -10 мың метр биіктен құласада аман қалған ұшақ қызметшісі (стюардесса).

1972-жылы 01-айдың 26-күні Копенгаген- Белград бағытындағы ұшып бара жатқан Yugoslаv Airlines DC-9 ұшағында бомба жарылып ұшақ тауға құлаған. Ұшақтағы жолаушы адамдар, ұшақ қызметшілерімен барлығы 28 адамнан, 27-сі қаза болып, ұшақтың артқы жағында болған Весна Вулович ғана аман қалған. Ол ауыр жарақат алып белінің төмен жағы жансыз қалғанымен, емделудің нәтижесінде біртіндеп жүре бастаған. Парашютсыз ең биіктен жерден құлап аман қалған адам деп Гиннес рекордтар кітабына енген екен.

 

Фране Селак — 7 рет қатерден аман қалған.

Хорватияның музыка муғалімі Фране Селакті ең бақытты адам деген жөнба әлде ең бақытсыз адам деседе болама. Себебі бұл адам 7 рет өлім аузынан аман қалған. 1962-жылы оның отырған от арбасы жолдан шығып, мұз қатып жатқан өзенге құлаған. 17 адам қаза болып бұл адам ажалы жетпей аман қалған екен. Жыл өткен соң Загреб Риека бағытында ұшып бара жатқанда, кенеттен ұшақтың есігі ашылып 19 жолаушы құлап аман қалған. Селак болса жыйналған шөптің үстіне түсіп аман қалған. 1966-жылы оның отырған автобусы соғысып, өзенге құлаған екен. 4 адам қайтыс болып, Селак тағыда жолы болып аман қалған. 1971-жылы көлігіменкетіп бара жатқанында көлігі белгісіз жағыдайда өртенген. Селак көлігінен шығып үлгергенде, өрт бензин багіне жетіп жарылған. 3 жылдан кейін машинасы тағыда өртеніп, шашынаң біраз бөлігі құйқаға айланған. 

Рой Салливан — 7 рет найзағай түскен.

Найзағай бір түскен жерге екінші рет түспейді деседі, бірақ Американың орман қорғаушысы Рой Салливан 7 рет найзағай тоғына соғылып аман қалған. 1942-жылы түскен найзағай аяғының бір екі башпайларының (саусақ) тырнағын жұлып кеткен. 1969-жылы есінен танып қассыз қалған екен. 1970-жылы мойыны істемей қалған. 1972-жылы шашының жартысын құйқалап кеткен. 1973-жылғы найзағай тоғы бас киімін шашымен қоса өртеген. 1975-жылы қызыл асығын жарақаттап, 1977-жылы кеуде, қарынын жарақаттаған екен. Қызығы сол, бұл жолы болғыш адам қанша өлім аузынан аман қалса да 1983-жылы 71 жасында өз-өзіне қол жұмсап қаза болған.

 

Жо Симпсон мұзды жыраға құлап 3 күн бойы еңбектеп жүрген.

Жо Симпсон Перудің Сиул Гранде деген биіктігі 6344 метр тауға шыққан Ұлыбритандық екі альпинисттің бірі түсіп бара жатқанда Симпсон аяғын сындырып алғандықтан серігі Саймон Йейтс оны өзімен бірге арқанға байлап төмен қарай түскен. Күтпеген қатерлі оқиғаға тап болып амалсызда арқанды кесуден басқа амалы қалмаған Симпсон 30 метр терең мұзды жыраға құлаған екен. Бір ғажабы Симпсон аман қалып, жетуге мүмкін емес лагерьге қарай 3 күн бойы еңбектеп сүйретіліп отырып жеткен. Кейін Симпсон осы оқиға жайында кітап жазып, деректі фильм түсірген.

 

Анатолий Бугорский жылдамдатқыш сәулеге соғылған

Ресейдің атомдық физигі Анатолий Бугорский У-70 деген протон синхротон-жылдамдатқыш құрылғымен жұмыс жасап жатқанын есінен шығарып ұмытып кетіп төмен қарап еңкейгенде протон шашырандысы оның басының қақ ортасынан тесіп өткен. Кейін ол «Күннен мың есе күшті» жарық шыққандай сезілді деп өзі айтқан екен. Бір қызығы ешқандай ауру сезілмеген. Сәулелену кезінеде дозасы 200 000 рад, шығатын кезде 300 000рад болған екен. 500-600 радтың өзі адамды ажал құштыра алатындықтан Бугорскийдің тірі қалуы ақылға сыймайды деп есептейді. Ғалым тірі қалумен қоймай диссертация жазып қорғаған. Оның ойлау жүйесі өзгермегенімен, сол жақ құлағы естімей, бетінің сол жақ бөлігі жансыз қалған.

 

 

Қорыта айтқанда, ажалды адам тілей алмайды да, тілегенімен орындалмайтын амалдардың бірі уақыты келмейінше қандай жағдайға тап болсаңыз да өлмесіңіз анық.

Дайындаған: Ерлан Әлменов

 

Бөлісу: