22
Жұма,
Қараша

һижри

Баласы болмаған жас жұбайлар қандай шара қолданады?

Мақалалар
Жарнама

«Құдайсыз қурайда сынбайды» демекші, мұсылман адам барлық нәрседе Алланың қалағаны арқылы болатынына сенеді. Ризық беретін, қалаған кезде қайтарып алатын, қалаған отбасына бала беретін, қалаған уақытында аманатын қайтарып алатын, немесе еш бала бермейтін Алла Құранда: «Көк пен жердің иелігі Аллаға тән.

Ол қалағанын жаратады, қалағанына қыздар нәсіп етеді, қалағанына ұлдар нәсіп етеді. Немесе ұл мен қызды аралас жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ қалағанын тумайтын бедеу қылады. Сөзсіз Ол, бәрін білуші, бәрінен құдіретті», - деген[Шура сүресі,49/50].

Бала сүйгісі келген жас жұбайлар, бала да Алланың қалауымен болатынына сеніп, өздерінің арман-қалауларын, балаға деген құштарлықтарын Аллаға дұға арқылы жеткізулері керек. Құранда мүминдерге қайырлы және салих ұрпақ сұраңдар делінген аяттан анық байқауға болады: «Олар: «Уа, Раббымыз! Бізге жұбайларымыз бен ұрпақтарымыз арқылы қуаныш [көз айымдық] бер?!»-дейді»,-делінген[Фурқан сүресі,74]. Балалы болу үшін себебін жасап, ауыратын болса (екеуіде немесе екеунің біреуі) адал жолмен емделу шараларын қолданып, сонымен бірге дұғада салиқалы ұрпақ сұрау керек. Зәкәрия(әләйһимәс- сәләм) жүзге жақындап, қартайған шағында жалбарынып, былай дұға жасаған: «Уа раббым! Маған өз тарапыңнан аса таза әулет бер. Сөзсіз, Сен – тілекті Естушісің»,-деген[Әли Имран сүресі, 38]. Алла тағала оның дұғасына жауап беріп оған Яхия есімді ұлды нәсіп етеді.

Біздердің бастаумызда болған Хазіреті Адам атамыз бен Хауа анамыздың дүниеге келетін балалары үшін былай дұға жасаған: «Ол екеуі Раббысы Аллаға: «Егер бізге аяулы, сау денелі бала нәсіп етсең, әлбетте шүкіршілік қылар едік»,-деп, тілек дұға қылды»,-деген[Ағраф сүресі, 189].

Өз кезегімен жасалған емделу мен қайырлысын сұрап жасалған дұғаның нәтижесін бір Алладан күту.

Сөз соңында айтарымыз, жасалған жұмыстар жемісін бермеген кезеңде, Алланың сансыз сынағына сабыр етіп, сынақтың сауабынан үміт күтуі керек.

Қанат Қалымбет

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы.

 

 

 

 

Бөлісу: