22
Жұма,
Қараша

һижри

Немістер жарады! (ВИДЕО)

Мақалалар
Жарнама

Сөздің басын «Сүйінші» деп бастайын. Неміс мамандары элетромагниттік өрістің көмегімен жылжитын сымсыз лифт жасап шығарды.

Зәулім ғимараттарға арналған тасымал жүйесінің жаңа түрін Thyssenkrupp компаниясы ұсынып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz ақпараттық порталы. ThyssenKrupp компаниясының лифтілер департаментінің орындаушы директоры.

 Андреас Ширенбек: «Біз бір кабинада 8 адамды тасымалдайтын технологияны құрастырып жатырмыз. Салмағының төмендігіне байланысты олардың жылдамдығы анағұрлым жоғары болмақ. Лифт есіктері үнемі қозғалып тұрады және әрбір 15-30 секунд сайын ашылып-жабылады»,-дейді.

Ешқандай қозғалтқышы жоқ ғажайып лифт жоғары-төмен ғана қозғалып қоймай, көлденең де жылжиды екен. Осыдан 10-15 жыл бұрын сымсыз телефонды естігенді ерсі көрінген, тіпті оны мүмкін емес деп ойлайтынбыз. Уақыт өте келе көзіміз де үйреніп, сымсыз байланыстың ғажайыптығына көз жеткіздік.

«ХХІ ғасыр — техника ғасыры» десек те, күннен күнге таңғажайып тетіктер мен темірлерді көріп таңданысымызды жасыра алмай келеміз. Мына арқансыз қозғалатын лифттің адам өміріне қаншалықты қауіпсіз екендігі әзірге белгісіз. Десе де, бір мезетте бірнеше лифттің қозғалыста болуы, ыңғайлы екені даусыз. Оған қоса ол көлденең қозғалыс жасай алатын болса… 

 

Сыннан өтіп, сыры кетпей бізге де жетер бір күні. Техниканың барлығы адамдар үшін жасалып жатыр. Кір жуатын машина, ыдыс жуатын машина, бала бағушы робот дейсіз бе, қалауыңыздың бәрі табылады. Тек қалтаңыз
қалың болса болғаны. Бірақ мұның бәрі бізді күн өткен сайын жалқаулыққа бастайтындай. Ендігі бізге ана бөлмеден, мына бөлмеге ұшып баратын көлік қажет. Не ойлап тауып, не құрастырса да, тек адам игілігі үшін жасалып жатқанын ұмытпаған абзал.

 

{youtube}KUa8M0H9J5o{/youtube}

 

blogtime.kz

Бөлісу: