18
Дс, Желт
15 Жаңа

Жұма күні кір жууға бола ма?

Мақалалар
Құралдар
Шрифт

Жұма күні кір жумау ырымы кей мұсылман елдерінде де кездеседі. Мысалы, кейбір араб халықтарында жұма күнгі сәске уақыты мен жұманың екінті уақытында кір жуған үйден береке қашып, ырзық-несібесі тарылады деп сенетіндер бар ұқсайды.

Сол сияқты, біздің елде де кір жууды жаман ырым ретінде есептейтіндер бар. Алайда, мұндай нанымдар – ешқандай негізі жоқ, ойдан шығарылған ырымдар болып саналады. Керісінше Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күні жуынып-шайынуды онымен қоса, үстідегі киімін жуып-тазалауды кеңес еткен. Сахаба Әус ибн Әустен жеткен бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:

«Кімде-кім жұма күні жуынып және (киімін тазалап) жуып, жұмаға ертерек шықса, (уағыздың не құтбаның) басына үлгеріп, жақын отырып, құлақ салып тыңдаса, оның әр басқан қадамына бір жылдық оразаның және бір жылдық тәһәжжуд намазының сауабы беріледі» [1]

[1] Имам Тирмизи: Сүнән - №496 хадис

ummet.kz

e-max.it: your social media marketing partner
E-mail таратылымға жазылып, ислам жаңалықтарын бірінші болып оқыңыз.