26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Имам Ғазали: Ең бірінші айғақ – өзіміз

Имам Ғазали: Ең бірінші айғақ – өзіміз

Мақалалар
Жарнама

Біліп ал, негізінде Алла Тағала ең анық және белгілі Зат.

Алла Тағала танымы – ең алғашқы таным.  Бұл таным адам зердесі үшін ең жақын таным болғандықтан, ақыл бұған тез және жеңіл келуі тиіс. Алайда біз мұның теріс жағын көреміз. Олай болса, біздің бұл мәселеге біраз тоқталып өткеніміз жөн болар.

Сонымен, Алла Тағала ең анық және белгілі Зат. Бұған мысал келтірейік: әдетте, біз бір адамның жазумен айналысып немесе киім тігіп отырғанын көрсек, онда біз оның өмірі туралы ой жүгіртеміз. Оның тіршілігі, тігіншілік өнері, шамасы мен қалауы біздің көз алдымызға елестейді. Ол адамның бойындағы көптеген жасырын және белгілі қасиеттері бізге шамамен мәлім болады.

Негізінде, ол шебердің әуестігі, ашуы, мінез-құлқы мен саулығы, білімі сияқты т.б. сипаттары белгісіз. Тіпті көзге көрінетін кейбір қасиеттерінің бірін білсек, бірін білмейміз. Алайда солай бола тұра, біз бір көргенімізден оның өмірі, шама-шарқы және жалпы тіршілігі туралы белгілі ой құраймыз. Біздегі бұл білім адам бойындағы бес сезім түйсіктері арқылы келе қойған жоқ. Керісінше, бұл адамның өмірі туралы мәліметті біз оның киім тігісі мен қимылынан (кимыл-әрекетінен, шапшаңдығы мен шеберлігінен) байқадық.

Олай болса, бұл дүниеде түйсік ағзалары арқылы көрінетін және сезілетін ашық, жасырын барлық нәрсе – тас, топырақ, өсімдік, ағаш, жануар, аспан, жер , жұлдыз, теңіз, от, ауа,материя, дене және ондағы қасиеттер түгелімен Алла Тағаланың болмысына, Оның құдіретіне, іліміне және т.б. сипаттарының толықтай бар екеніне дәлел.

Алланың бар екеніне ең бірінші айғақ – өзіміз. Біздің тәніміз, сипатымыз, жағдайымыз бен жүректегі сезімдер мен көңіліміздің тұрақсыздығы дәлел. Бізге мәлім нәрселердің ең бірішісі әрі анығы – біздің нәпсіміз, кейін бес түйсік арқылы білінетін нәрселер, мұнан соң ақыл мен зерде арқылы танылатын нәрселер келеді. Танылатын нәрселер үшін бір танитын, бір куә болатын және бір айғақ бар.

Дүниедегі барлық нәрселер өз Жаратушысының бар екеніне, Оның Әрекет етуші және Басқарушы, Қозғалтушы екеніне дәлел. Олар Жаратушының іліміне, құдіретіне, мейірімі мен даналығына айғақ.

 Аударған: Жалғас Садуахасұлы

(Материал "Аллаға махаббат" кітабынан тақырыбы өзгертіліп алынды)

Бөлісу: