28
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Оразаның пайдасы

Оразаның пайдасы

Мақалалар
Жарнама

Ораза – Құранда әмір етілген, Пайғамбарымыз (ﷺ) орындаған құлшылық. Бұл ай Рухани тазару айы. Бір ай, ішіп-жеу, жыныстық қатынас сияқты нәпсінің қалауынан уақытша тыйылу, тілі мен көзін сақтау арқылы адам баласы рухани тазарауға қол жетізе алады. 

Ел арасынан ораза тұту амалын адам денсаулығына зиянды емес пе деген екіұдай пікірлерді де естіп қалып жатамыз. Кейбір жекелеген жағдайлар болмаса, ғылым, соның ішінде медицина, оразаның адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеуде. Атап өтер болсақ:

Ораза – адам ағзасын тазартады. Нобель сыйлығының лауреаты, биолог ғалым Алексис Каррель «Белгісіз адам» атты кітабында ораза ұстау барысныда адамның бүйрегіндегі қант пен тері астындағы майлар ериді. Жүрек пен басқа да ағзалардың аштық жағдайында қалыпты жұмысы үшін барлық организм өзіндегі сақталған қорды жұмсайды да энергия бөліп, қалдық заттардан арылатынын баяндайды.

Артық ет пен май азаяды. Күніне 14-15 сағат ішіп-жеуден тыйылатындықтан, ағзаның керек емес жасушалар жою белсендігілі жоғарылайды. Нәтижесінде, артық май мен еттің мөлшері азаяды.

Жыл бойы тоқтаусыз жұмыс жасаған бірқатар ағзалар демалады. Ораза уақытында адам тамақтан тыйылғандықтан, асказан, бауыр демалады. Асқазанның демалуы ұйқы безіне де демалыс сыйлайды.

Денедегі қан айналымы жақсарады, семірудің алдын алады. Оразада қанға жеткізілетін қоректік мөлшері азаятындықтан, қан тамырдағы майлар мен ұйыған қанды да ерітеді. Нәтидесінде ірілі-ұсақты қан тамыр шлактан тазарып, бүкіл денедегі қан айналысы жақсарады.

Ағзаның әлеуеттін арттырады. Ораза ұстаушының денедесіндегі май құрамы азаюмен қатар, холестерин мөлшері де айтарлықтай төмендейді. Сол арқылы қанның қоюлануының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ораза ұстаушы күнделікті ішіп-жейтін тағамдардың құрамындағы улы заттардан арылып, ағзада жаңа жасушалардың пайда болуына мүкіндік алады. Бұл денеге жаңа қуат пен күш береді.

Сонымен қатар, медицина ғалымдары ораза иммунитетті арттырып, жүйке жүйесін қалпына келтіріп, бүйрек пен бауырдың қабынуына ем болатыны, гастрит пен асқазан жарасына профилактикалық құрал екенін анықтаған.

Сонымен бірге, оразаны бүгінгі таңдағы заманауи медицина емдік құралдың бірі ретінде насихаттап, практикада қолданып келеді. Айталық, бел алып келе жатқан қант ауруын емдеу үшін дәрігерлер 10-15 күндей ораза ұстауды кеңес етеді екен.

Бұл Рамазан айындағы ораза көптеген пайдасының бір бөлігі ғана. Ал, Құдай Тағала «Өзім беремін» деп уәде еткен сауабы ұшан-теңіз. Алла ғана мәлім.

Ummet.kz

Бөлісу: