Алла Тағала Құран - Кәрімнің "Нәміл" сүресінде Мұсаға (ғ.с.) былай дейді:
"Таяғынды таста!” Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бұрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. “Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды... Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел”, - деп бұйырған.
Осы аяттарда Мұсаға ( ғ.с) берілген екі үлкен мұғжизаны көреміз: Мұсаның (ғ.с) аса таяғы мен аппақ қолы.
Осы жөнінде тәпсір ғалымдары әртүрлі пікірлер айтады.
Солардың бірі - Мұсаның ( ғ.с) аса таяғы - Мұсаның ( ғ.с) зұлымдыққа деген қарсылығы мен Алланың анық жәрдемін білдірсе, ал қолының аппақ болуы Мұсаның (ғ.с) Алла алдында да, адам алдында да тазалығы.
Бұндай сипат барлық пайғамбарларға тән сипат болған.
Ал, адамдар үшін сабақ болатын нәрсе - адамның қолы таза болмайынша, ары таза болмайды. Ал, ары таза болмаса, Алладан жәрдем болмайды және зұлымдыққа қарсы тұра алмайды деп түсінуге болады екен.
Қуат ҚАБДОЛЛА
Ummet.kz