29
Жұма,
Қараша

һижри

Асқар Мұқанов: Рамазан – өзін-өзі тәрбиелеу айы

Асқар Мұқанов: Рамазан – өзін-өзі тәрбиелеу айы

Мақалалар
Жарнама

Ардақты ағайын!

Бабаларымыздың қимай аттандырып, сағына күтіп алатын айлардың сұлтаны келе жатыр.

Күллі шығыстың, барша мұсылманның рухани көзқуанышы ғана емес, сан ғасырлық адамзат тарихының аса қуатты рухани құндылықтарының бірі. Демек, әлуетті, ауқымды рухани жәдігерді өз деңгейінде абаттандыра білудің өзі үлкен білімділік пен биік парасаттылықты әйгілейді.

Құрметті бауырлар!

Қасиетті айда сауаптардың да еселенетініндей күнәлар да еселенетінін ұмытпаған мұсылман адам өз айналасына ел мен жердің қамын ойлайтын, әлеуметті әлекке салмайтын шын момындықтың үлгісін көрсетеді. Біз бұны балаларымыздың өмір өнегесінен, ғалымдарымыздың ғибратты ғұмырынан біле аламыз.

Қалдірлі жамағат!

Оразада пенде баласының сабыры мен төзімі сынға түсетіндіктен, Рамазан – сабырлылықты қажет ететін ай. Бұл айдағы оразаның шынайы мәні күндіз бойы ішіп-жеу мен жыныстық қатынастан тиылу ғана емес, көз тәрбиесі, тіл тәрбиесі мен жан-жақты жан тәрбиесін қатар өрістету арқылы адамның болмысын түзету.

Яғни, өзінің мінін түзетіп, қателіктерімен жұмыс жасап, қателіктерін түзетпекке ынта қояды. Демек, бұл ай Өзін тәрбиелеу айы. Сондықтан да, баршамызға осы айды ғанибет біліп, берекесін алуға жазсын.

Рамазан айы алты алашқа құтты, берекелі болсын!

Бөлісу: