29
Жұма,
Қараша

һижри

Бас санитардың ораза ұстаушыларға кеңесі

Бас санитардың ораза ұстаушыларға кеңесі

Мақалалар
Жарнама

Ислам - кеңшілік діні. Денсаулығына байланысты ұстай алмайтын оразаны қаза етіп артынан өтеуіне болады. Оған шамасы келмейтін кісі төлем беру арқылы ұстамауына болады, оған да шамасы келмейтін адамдарға садақа, кешірім тілеуімен кеңшілік етеді.

Ислам - ғылымның діні. Әрбір құлшылықты ғылыми тұрғыда, сауатты жасауға үндейді және сала мамандарының шешіміне жүгінеді. Ораза мәселесінде денсаулық себеп болатын жағдайлардың үкімін имамдар шығармайды, дәрігерлер шығарады. Дәрігер мамандардың кеңесі бойынша үкім беріледі. Міне сондықтан да ҚазАқпарат агенттігінің сайтында жарияланған ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мырзаның ораза ұстаған жандарға өз саласы айтып берген бірнеше пайдалы кеңесін жариялап отырмыз.

«Ораза ұстаған жандар күндіз сусын мен тамақты тұтынбайтыны белгілі. Тіпті 20 сағат бойы нәр татпай жүретін күндер болады. Сондықтан, тамақтану бойынша бірнеше ұсыныс айтсақ дейміз: таңғы (сухур) және кешкі тамақтанудың (ифтар) ерекшелігі бар. Ең біріншіден, кімге ораза ұстауға болады, кімге болмайтыны туралы айтқымыз келеді. Жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер, қарт адамдар, 7 жасқа толмаған балалар, жауынгерлер, психологиялық жұмыста шешім шығаратын жұмыскерлер ораза ұстамауы мүмкін (...) Осы санаттағы адамдар ораза ұстамаса да болады», - дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қант диабеті ауруы, ипертония, инсульт жағдайларына ұшыраған адамдар да өз жағдайын ескеруі тиіс.

«Асқазанның, ішектің жаралары, гастрит, созылмалы сыртқатқа шалдыққандар әрине, ұстауға болмайды. Бұл кезде біздің тұрғындарымыз дәрігермен міндетті түрде кеңесуі керек. Дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана ораза ұстағаны жөн», - дейді ол.

Жандарбек Бекшин өз сөзінде сухур мен ифтар кезінде тамақтың жеңіл болуы керектігіне назар аудартты.

«Тамақ 20 сағат бойы қуат беріп тұруы тиіс. Сонымен бірге, шөл тудырмас үшін бірқатар тағамдар бар. Яғни, калорияға бай тамақты тұтынған кезде су денеден баяу шығарылады. Атап айтқанда, сұлы тағамдары, бұршақ, бүтін дәнді ұннан жасалған тағамдар, күріш жеген дұрыс. Тамақ дайындау кезінде майдың мөлшерін екі есе азайту керек. Екіншіден, майдың орнына өсімдік, яғни зәйтүн майымен тамақ дайындаған дұрыс. Ораза кезінде тәтті тағамдардан, газдалған сусындардан бойды аулақ ұстаған абзал», - дейді ол.

Бас санитар өз сөзінде кофейн құрамында болатын газдалған сусындардың, шайдың орнына 8-10 стақан жай суды ішу керек. «Осындай жағдайда шөлдеу жағдайы азайып қалады. Сонымен бірге, тұздалған тағамдарды азайту керек. Тұздың нормасын 5 граммнан арттырудың қажеті жоқ.

Осындай талаптарды сақтасақ, әрине, денсаулығымыз зор болып, ораза айы жеңіл өтеді», - дейді ол.

Бекшиннің айтуынша, ауызашар кезінде құрманы жеудің пайдасы зор.

«Кешке суды жылытып ішу керек. Су салқын болмауы тиіс. Неге десеңіз, жай суды ішудің пайдасы - газдалған сусындар клетканың суын шығарып, адам тез шөлдеп қалады. Майлы тамақ пен қуырылған етті азайту керек. Ол ауыр тамақ. Пайдасы аз. Күннің екінші жартысында адам шыдамай қалуы мүмкін. Жоғарыда аталған пайдалы тағамдар энергияның денеден баяу шығуына мұрындық болады», - дейді Бас санитар.

Ұйқыға да мән берген дұрыс. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, күндіз мүмкіндік болса, адам ұйықтап алу керек.

«Ауыр жұмыста жүргендерге аздап ұйықтап алған дұрыс. Біздің барлық отбасымызда, ұжымымызда достық атмосфера болуы тиіс. Себебі, жаман эмоционалды жағдайда бұл адамға әсте ыңғайлы болмайды», - дейді ол.

Бөлісу: