23
Сенбі,
Қараша

һижри

Айт намазы қалай оқылады?! (ВИДЕО)

Айт намазы қалай оқылады?! (ВИДЕО)

Мақалалар
Жарнама

Айт – араб­ша­дан ті­лі­міз­ге өт­кен «мей­рам» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Айт намаз­да­ры­ның уә­жіп­ті­гі Құ­ран мен сүн­нет­ке сүйене­ді. Бі­рін­ші­сі – Рамазан айты, екін­ші­сі – Құр­бан айт [1] [2]. Жұ­ма на­ма­зы па­рыз бол­ған жан­дар­ға осы екі айт на­маз­да­ры да – уә­жіп. Бі­рақ хұт­па айт на­маз­да­рын­да на­маз­дан кейін оқылады. Бұ­лай оқы­луы – сүн­нет. Айт на­маз­да­ры­ның ал­ғаш­қы уақы­ты – күннің көк­жиек­тен найза бойын­дай кө­те­ріл­ген­де­гі уақыт. Бұл ша­ма­мен күн шық­қан­нан кейін 50-55 ми­нут­тей өт­кен­нен кейін бас­та­лып, бе­сін на­ма­зының кі­руіне дейін жал­ға­са­ды.

1. Айт на­ма­зы – екі рә­кат. Жа­ма­ғат­пен жа­рия түр­де оқы­ла­ды. Азан мен қа­мат оқыл­майды. Имам мы­сал­ға, «Екі рә­кат Ра­ма­зан айт на­ма­зы­на ниет ет­тім» деп ниет ете­ді. Жа­ма­ғат «Екі рә­кат айт на­ма­зы­на ниет ет­тім, ұйы­дым имам­ға» деп ниет ете­ді. «Аллаһу әк­бар» деп, иф­ти­тах (ашу, бас­тау) тәк­бі­рі алы­на­ды.

2. Қолдар байла­нып, имам мен жа­ма­ғат бір­ге құпиялай «Суб­ха­на­ка Аллаһумма» дұ­ға­сын оқи­ды. Одан кейін имам – жариялай, жа­ма­ғат – құпиялай «Аллаһу әк­бар» деп, үш рет тәк­бір ала­ды.

3. Әр­бір тәк­бір­ді айт­қан­да қол­дар жо­ға­ры кө­те­рі­ліп, екі жа­ны­на тү­сі­рі­ле­ді. Әр­бір тәк­бір­дің ара­сын­да үш тәс­бих айты­ла­тын­дай сәт тұ­ра­ды. Үшін­ші тәкбір­ден кейін қол­дар байла­нып, имам «Ә'узу» мен «Бис­мил­лаһ­ты» құпиялай, одан кейін «Фа­ти­ха» мен қо­сым­ша сү­ре­ні жа­рия­лай оқи­ды. Осыдан кейін жа­рия­лай «Аллаһу әк­бар» деп рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Жама­ғат та құ­пия­лай тәк­бір алып, имам­ға ұйиды.

4. Со­дан кейін екін­ші рәкат­қа бас­тайды. Имам құ­пия­лай – Бис­мил­лаһ, жариялай – «Фа­ти­ха», со­дан кейін қо­сым­ша сү­ре оқи­ды. Мі­не, осы­дан кейін осы жерде ал­ғаш­қы рә­кат­та­ғы­дай үш рет тәк­бір ала­ды. Бұ­дан кейін имам – жария­лай, жа­ма­ғат – құпиялай «Аллаһу әк­бар» деп, рү­күғ пен сәж­де­ге барады.

5. Одан кейін оты­рып, «әт-та­хият», «салауат», «рәб­бә­нә» дұ­ға­сы оқы­лып, екі жақ­қа сә­лем беріле­ді. Яғ­ни, бұл айт на­маз­да­ры­ның әр­бір рә­кат­та­рын­да үш қосым­ша тәк­бір бар. Бұл тәк­бір­лер – уә­жіп.

6. Хұт­па­шы айт на­маз­да­ры­ның ар­ты­нан мін­бер­ге шы­ғып, ті­ке тұ­рып, жұмада­ғы­дай екі хұт­па оқи­ды. Айт хұт­па­ла­рын­да тәк­бір­мен бас­та­лып, жамағат та осы тәк­бір­ге жай­лап қо­сы­ла­ды. Жұ­ма на­ма­зын­да­ғы сүн­нет­тер мұн­да да сүн­нет. Мәк­рүһ бол­ған нәр­се­лер, бұл жер­де де – мәк­рүһ. Айт хұтпасы­ның на­маз­дан бұрын оқы­луы – мәк­рүһ.

7. Имам бі­рін­ші рә­кат­та айт тәк­бір­ле­рін ұмы­тып, «Фа­ти­ха­ны» оқып жат­қан­да есі­не түс­се, де­реу тәк­бір­лер­ді алып, «Фа­ти­ха­ны» қайта оқи­ды. Бі­рақ «Фатиха» мен Құ­ран­ды оқы­ған­нан кейін есі­не түс­се, тек қа­на тәк­бір­лер­ді ала­ды. Қайта оқу­дың қа­же­ті жоқ.

Егер Айт на­ма­зы­ның тәк­бір­ле­рі­не ке­ші­гіп қал­ған жағ­дайда...

1. Айт на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы рә­ка­ты­на қо­сым­ша тәкбірлер ай­тыл­ған соң үлгеріп имам­ға ұйы­ған адам иф­ти­тах тәк­бір­ді ал­ған­нан кейін, «Субханаканы» оқы­май де­реу қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді ала­ды.

2. Егер имам рүкүғ­те тұр­ған кез­де үл­гер­се, де­реу түрегеп тұрған күйі тәк­бір алып, рү­күғ­ке ба­ра­ды. Рү­күғ­те­гі тас­бих­тер­дің ор­ны­на қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді қолда­рын көтер­мей сол жер­де айта­ды. Егер үл­ге­ре ал­ма­са, еш­те­ңе ке­рек емес.

3. Егер имам­ға екін­ші рә­кат­та үл­гер­се, имам сә­лем бер­ген­нен кейін, оқи алма­ған рәкат­ты қа­за ету үшін қиям­ға бар­ған­да қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді «Фатиха» жә­не қо­сым­ша сү­ре­ден кейін құ­пия ала­ды.

4. Айт на­ма­зы­на үл­ге­ре ал­ма­ған адам же­ке өзі айт на­ма­зын оқи ал­майды. Қала­са төрт рә­кат на­маз оқи­ды. Бұл да сәс­ке на­ма­зы­ның ор­ны­на жа­та­ды.

5. Құр­бан на­ма­зын ке­шік­тір­мей, ал, Ра­ма­зан айт на­ма­зын аз­дап ке­шік­ті­ру – сүн­нет. Ра­ма­зан айтта айт на­ма­зы­нан бұ­рын құр­ма се­кіл­ді бір нәр­се жеу, Құр­бан ай­тын­да бол­са, айт на­ма­зы оқыл­май тұ­рып еш­те­ңе же­меу – мұс­та­хап. Бу­рәйда (р.а.) бы­лай дейді; «Алла Ел­ші­сі (с.ғ.с) Ра­ма­зан ай­тын­да дәм тат­пай үй­ден шық­пай­тын. Ал құр­бан ай­тын­да на­маз оқы­ған­ға дейін еш нәр­се жемей­тін» [3].

Айт намазын оқу тәртібінің үлгісі төмендегі видеода толық көрсетіледі:

ummet.kz

1. Әбу Дәәуд, Салат, 239.

2. Әбу Дәәуд, Әдаһи, 7.

3. Ахмед ибн Ханбәл, ІІІ, 232.

 

 

 

Бөлісу: