24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алкогольсіз сыра және квасты ішуге бола ма?

Алкогольсіз сыра және квасты ішуге бола ма?

Ақида
Жарнама

Кейде адам баласы Алла Тағаланың мыңдаған халал тағамы тұрғанда неге соның ішінен санаулы харамы на құмбыл тұрады? Әрбір күнә өзінен кейінгі үлкенірек күнәның хабаршысы. Күнәлар баспалдақ тәрізді бірінен соң бірі сатылап күпір жарына түскенге дейін пендені жетелей бермек.

Жалпы сыра деген не нәрсе өзі? Оның шыққан жері, ата-тегі қайда? Сыра әу баста шыққанда харам болыпшыққан. Бейне бір казино ойындары тәрізді. Ендеше бұлсұрақ маған «казиноға барып, ондағы рулетка ойынынақша тікпей ойнасам бола ма?» дегендей естіледі. Мұндай ойындардың шығу мақсаты – адамды азғырған шайтанның тұзақтарының бірі ретінде рулетка ойынын ойнамақ тұрмақ сол казиноның ішіне де кіруге болмайды. Асылы сіз бүгін өзіңізге пәтуа шығарып сол рулетканы теңге тікпей ойнағанмен күндердің күнінде ақша тіккеніңізді де байқамай қаласыз. Яки бұл сауал маған «құлағалы тұрған үйде тұруға бола ма?» дегендей естіледі. Құранда Алла Тағала зинаға қатысты «зина жасамаңдар» демейді. «Зинаға жақындамаңдар» деп бұйырады. Өйткені зинаға жақындаған адам кез-келген сәтте соның арбауына түсіпқалуы мүмкін. Исламда «Сәд зара′и» деген қағида бар. Бұл қазақ тілінде «харамға жетелейтін кез-келген нәрседен қашық тұру» дегенге саяды. Мысалы Құранда Алла Тағала: «Алладан басқаға табынғандарға һәм олардың пұттарына тіл тигізуші болмаңдар. Өйткені олар да уәж қайтару мақсатымен не дегендерін білмей Алла Тағалаға тіл тигізулері мүмкін» дейді. Яғни бұл аятта мүшріктердің пұттарына тіл тигізуге тиым салынған. Негізінде пұттарды қор санау дұрыс іс-әрекет. Бірақ Алла Тағалаға тіл тигізуге жол ашу жағынан тиым салынып тұр.

Ендеше, сіздің «алкогольсіз сыраңыз» да осыған ұқсайды. Яғни сол сырада спирт болмағанмен, ішкен адамды мас қылмағанмен бұл сыра түбінде өзінің тегінетартып, сізді еліне қарай жетелеуі мүмкін. Бүгін алкогольсіз сыраны ішкен күні ертең кәдуілгі сыраны ішпесінекім кепіл? Әрі бір күні елімізде халал шарап, алкогольсіз коньяк, халал шампан да шығуы мүмкін. Бұған «шайтанның адамға оң жағынан жақындауы»деп айтылады. Шайтан бір мұсылманға келіп: «халал арақ-шараптан, коньяктан іш, харамынан ішпе!

Өйткені сентақуасың» дейді. Ал соны ішіп әбден үйреніп алған кезде шайтан оған: «Заты бөлек болса да аты бірдей ғой. Ендісенің таңдайтындай не қасиетің қалды» дейді.Ал Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Кімде-кімбір елге ұқсайтын болса, онда ол солардан болады» дейді. Ішімдік атаулы мұсылманға жат өзге дін өкілдерінің ішімдігі һәм шайтанның айла тәсілінің қолтаңбасы. Атам қазақтың «арақ – атаңнан қалған ас емес» дегені де сол. Сондықтан алкогольсіз сыра адамды мас қылмаса дашыққан тегіне қатысты «Сәд зара′и» қағидасы тұрғысынан харамға жатады. Әрі Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм):«Көп мөлшерімас қылатын ішімдіктің аз мөлшері де – харам» дейді. Сондықтан алкогольсіз сыраны спирттен кенде деп айта алмайсыз. Басқа хадисте: «Мас қылатын әрбір ішімдік– харам мөлшеріндегі мас қылатын ішімдіктің лақанды толтырар мөлшері де – харам» деп айтылады. Ендеше, қазіргі кездегі ғұламалардың бірі – Усама Абдулкарим әр-Рифағи араб елдерінде шығарылатын алкогольсіз сыраның құрамын арнайы лабораторияға барып тексерткенде оның құрамында 0,004 г спирттің бар екенін анықтаған. Олай болса, бұл сыра да кәдуілгі сыраның бірі. Сол себепті ол – харамға жатады.Ал, квасқа келсек, егер ол шекер арқылы ашытылатын болса, ішуге болмайды. Өйткені шекер арқылы құрамында спирт пайда болады.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: