22
Жұма,
Қараша

һижри

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да үзір са­на­ла­тын се­беп­тер

Ақида
Жарнама

Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен шарт­та­ры­нан бас­қа уәжіп мін­дет­тер бар. Қа­жы­лық­та уә­жіп­тер­ді ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын себептер­сіз тас­тау – тах­ри­ман мәк­рүһ яғ­ни, ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ.

Қажылық­тың па­рыз­да­ры орын­да­лып, уә­жіп­те­рі іс­тел­ме­ген жағ­дайда, қажылық дұ­рыс деп есеп­те­лі­не­ді. Бі­рақ ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын себептерден тыс, бас­қа се­беп­тер­мен уә­жіп­тер орын­дал­май қал­са, қажылықтың дұ­рыс бо­луы үшін әр­бір орын­дал­ма­ған уә­жіп үшін жа­за ре­тін­де құр­бан ша­лу ке­рек.

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да үзір са­на­ла­тын се­беп­тер: Ауру, қат­ты кә­рі бо­лу, қат­ты әл­сіз бо­лу, та­лып қа­лу, әйе­лер­дің хайыз бо­луы сияқ­ты самауи се­беп­тер. Мысал­ға, Ара­фат­та уақ­фа жа­сап жат­қан­да та­лып, құр­бан айт­тан кейін оян­ған адам­ға, қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рі­нен са­на­ла­тын Муз­дә­ли­фә уақ­фа­сын, шайтанға тас лақ­ты­ру­ды тәрк ет­ке­ні үшін жә­не шаш ал­ғы­зу­ды не­ме­се қысқартуды ке­шік­тір­ге­ні үшін жа­за өтеу қа­жет емес. Қа­жы­лы­ғы дұ­рыс атқарыл­ды деп есеп­те­ле­ді. Бі­рақ се­беп­тер адам­дар­дың қалауы­мен бол­са, мысал­ға, бір қыл­мыс іс­теп, түр­ме­де тұ­тыл­са, орын­дай ал­ма­ған уә­жіп­те­рі үшін жа­за өтеу ке­рек.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: