22
Жұма,
Қараша

һижри

Ширктен кейінгі ең үлкен күнәні білесіз бе?

Ширктен кейінгі ең үлкен күнәні білесіз бе?

Ақида
Жарнама

«Ниса» сүресінің 48-аятында: «Алла тағала Өзіне ортақ (серік) қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ, кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады»,-деп әмір етілген.

Бұл аят тәпсірінде: «Алла тағала Өзіне бір нәрсені серік еткен адамды кешпейді. Яғни пендесі Алла құзырына мүшрік болып барса, кешірілмейді. Алла тағала қалаған пендесінің бұдан басқа барлық күнәсін кешеді»,-деп айтылған.

Егер адам Аллаға серік қосқан күйде дүниеден өтіп кетсе, оның күнәлары кешірілмей, тозаққа тасталады. Ал егер райынан қайтса, тәбе етсе, онда Алла қалаған пендесінің тәубесін қабыл етеді. Ол ерекше Мейірімді, өте Кешірімді және Тәубелерді қабыл етуші.

Ал, енді ширктен кейінгі ең үлкен күнә ол – өзінің өткен күнәсін мақтанып еске алу. Бұрынғы жасаған күнәларын әңгіме қылу, онымен мақтану адамның толық иман келтірмегенінің белгісі, өйткені түптеп келгенде сол істі қазір жасамаса да сол бір дәурен құрған шақтарын аңсаудың бір нышаны байқалады. Күнә іспен мақтанудың мысалдарына келетін болсақ;

- Па шіркін кезінде Исламға дейін арақты суша сапыратын едім.

- Әттең сен маған осыдан бес жыл бұрын кездеспедің, шаңында да қалмас еді-ау бұл жерде.

- Кезінде осы ауданда маған қарсы келетін ешкім болмаушы еді. Бәрі бұрыш-бұрышқа тығылып, бетпе-бет келуге батылдары жетпеуші еді.

- Пай, пай жиырма бесімдегі шағымда кез-келген қыз-келіншекті басын шыр көбелек айналдырушы едім.

- Казиноға ақша тігіп ұтатын кездерім қайдасың?! дегендей исламда харам етілген амалдарын аңсап отыратын адамдардың жағдайы нендей өкініш.

Алла Тағала Құранда: «Алла ашық айтылған көңілге дақ түсіретін ауыр сөзді еш ұнатпайды. Тек жазықсыз жапа шеккен адамның ашынғаннан айтқан сөзінің  жөні бөлек. Алла – Самиғ (айтылған сөздің бәрін естуші), һәм Алим (кімнің не айтып, не қойғанын, қандай ниетпен айтқанын жақсы білетін шексіз ілім иесі».

Осы турасында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шынында құлдың бір сөзі оның дәрежесін өсіріп, Алланың ризашылығына бөлесе, бір сөзі үшін тозаққа тасталып, Алланың ашуына душар болады», – дейді.

Басқа бір хадисінде: «Қияметтегі ең күнәһар адамдар олар – азғындыққа көп кіргендер (көп айтқандар», – деген екен.

ummet.kz

Бөлісу: