28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Алла тағала өмірді неге жаңбырға теңеген?

Алла тағала өмірді неге жаңбырға теңеген?

Ақида
Жарнама

Алла Тағала былай деген: (Мұхаммед с.ғ.с) оларға дүние өмірінің мысалын бер: (Өмір) біз көктен жаудырған жауын сияқты. Ол арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырады. Содан соң ол жел ұшырып әкететін құрғақ үгіндіге айналады. Сондай-ақ, Алла барлық нәрсеге үстем Күш иесі» (Кәһф» сүресі, 45-аят).

Жаратушы Иеміз жалған дүниені сумен салыстырады.

Біріншіден, су бір жерде тұрақталып қалмайды. Не ағып кетеді, не сіңіп кетеді. Дүние де сол секілді бір халде болмай, өзгерісте болады.

Екіншіден, су келеді, кетеді. Дүние де келеді, кетеді. Алма-кезек.

Үшіншіден, суға түскен адам су болмауы мүмкін емес. Мына дүние де солай, сынағы мен залалынан айналып өте алатын пенде жоқ.

Төртіншіден, су керекті мөлшерде болса пайдалы болады. Артық болып кетсе, зиян, апатты болып кетеді. Дүниенің әсері де сондай, белгілі мөлшері жеткілікті болып тұрады да, арта бастағаны пендені өзгерте бастайды.

Раббым, дүниені уайымымыздың үлкені ете көрме! Біліміміздің жеткен жері ете көрме!

ummet.kz

Бөлісу: