29
Жұма,
Наурыз

һижри

Дәжжал туралы хадистер

Дәжжал туралы хадистер

Ақида
Жарнама

Абдуллаһ ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Мен түсімде Қағбаны тауап етіп жүр екенмін...», – деген.

Сосын Мәриямұлы Исаны (аләйһис-сәләм) көргенін, содан соң Дәжжалды көргенін айтып, оны сипаттап: «Ол – денелі ер кісі, қызыл (түсті), бұйра басты, бір көзі соқыр екен. Оның көзі солған жүзім сияқты», – деген.

Сонда (сахабалар): «Бұл Дәжжал хузағалық Ибн Қутнға ұқсайды екен», – депті. Дәжжал өзін «құдаймын» деп халықты азғырады. Осы себепті  де, Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдар арасында Дәжжал туралы айтып тұрып, оның Жаратушы Алла сияқты емес екенін баяндап: «Шын мәнінде, Алла тағаланың бір көзі соқыр емес. Мәсих Дәжжал болса оң көзі соқыр. Көзі солған жүзім сияқты», – деген.

Ән-Наууас ибн Самған (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Дәжжалды сипаттап: «Ол – көзі солған, шашы өте бұйра жігіт. Оны Абдул-Узза ибн Қутнға ұқсатамын», – деген.

Убада ибн Самит (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мәсих Дәжжал ер кісі, қысқа бойлы, сұсты, бұйра шашты, бір көзі соқыр, көзі жабылып қалған, (ол көзі) кіріп те кетпеген, шығып та тұрған жоқ. Егер (оны құдай деп) шатасатын болсаңдар, біліп қойыңдар: Раббыларыңның бір көзі соқыр емес», – деген.

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «...Ал адасушылықтың Мәсихы (Дәжжал) болса, ол бір көзі соқыр, ашық маңдайлы, кең мойынды, бүкірлеу», – деп айтқан. Хузайфа (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Дәжжал сол көзі соқыр, шашы қалың», – деген.

Әнәс (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Екі көзінің арасында «кәпір» деп жазылған», – деген. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте «оң көзі соқыр» делінсе, Хузайфа (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте «сол көзі соқыр» делінген. Ғұламалар бұл туралы: «Екі көзі де айыпты. Оң көзі көр, солған жүзім сияқты, ал сол көзін шел басқан», – деген

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: