26
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бірнеше мәзһабтың болуының хикметі не?

Бірнеше мәзһабтың болуының хикметі не?

Ақида
Жарнама

Ислам – жеңілдік діні. Бір дінде бірнеше (яғни, төрт) мәзһабтың болуы Алла Тағаланың адам баласына тарту еткен кеңшілі екендігін фықһи мәселелерден байқау қиын емес.

Содан бір мысал келтірер болсақ, Шәфиғи мәзһабында, бөгде ер-әйелдің денесі бір-біріне тиіп кетсе, дәреттері бұзылады. Ал, Ханафи мәзһабында дәрет бұзылмайды [34, 1/60 б.]. Шәфиғи мәзһабы бойынша, қажылық парызды өтеушінің тауапты дәретпен жасауы да шарт [34, 2/214 б.].

Алайда, қазіргі кездегі теңіздей толқыған миллион халықтың арасында ихрам киіміндегі (білек, балтырлары ашық) адамдардың бір-біріне сүйкенбей тауап етуі де өте қиын. Өзара денелері тиіп кеткен жағдайда дәреті бұзылумен қатар, тауаптары да дұрыс болмайды. Бұл, әсіресе жасы егде тартқан адамдар үшін қайта-қайта дәрет алу қиындығын тудырады. Міне, осындай қиындық сәттерде екінші бір (Ханафи) мәзһабының пәтуасын ұстануға дініміз рұқсат етеді. Алланың пендеріне жасаған жеңілдігі деп білгеніміз жөн. Демек, бір дінде Ханафи, Мәлики, Шәфиғи және Ханбали атты төрт мәзһабтың болуы олардың біреуі адасуда екен дегенді білдірмейді. Бәлки, төрт мәзһабтың барлығы дұрыс, Әһлу суннә уәл жәмәға хақ жолындағы мәзһабтар.

материал «Үкім аяттардың тәпсірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: