25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Күнəдан тəубеге келудің үш шарты

Күнəдан тəубеге келудің үш шарты

Ақида
Жарнама

Ислам ғалымдары жасалған күнəнің Аллаға асылық болып, кісі ақысына қатысы жоқ болса, мұндай күнəдан тəубеге келудің үш шарты барын айтқан.

Олар:

1) Күнәнің зардабын жою;

2) Күнәні жасағанына пұшайман болу;

3) Күнәға қайта беттемеуге бекіну.

Ал жасалған күнә кісі ақысына қатысы болса, оны жоюдың шарты төртеу болмақ. Бұлардың үшеуі жоғарыда келтірілгендер болса, төртіншісі – кісі ақысынан арылу. Бұл күнә дүние-мүлікке қатысты өрбісе, тәубе еткен кісі келтірілген материалдық зиянның орнын толтырады. Адамға зина жасады деп жала жапқан болса, кесімді жазасын өтейді. Әлдекімді ғайбаттаған болса, ол кісіден кешірім сұрайды.

материал «Матуриди ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: