21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Сәлаф және Халаф деп кімдерге айтылады?

Сәлаф және Халаф деп кімдерге айтылады?

Ақида
Жарнама

«Сәлаф» бұрынғылар, өткендер, алғашқылар деген мағыналарды береді. Яғни дінімізде сахабаларға, табеиндерге (сахабаларды көрген ұрпақ) және табеи табеинге (Табеинді көрген ұрпақ) берілген есім. Дінімізде осы үш ұрпаққа «сәлаф» немесе «сәлаф-ус- салихин» деген термин қолданылады. Бұның мағынасы «Өткен салих адамдар» дегенді білдіреді.

Бұлар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзін көріп, дінді Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) тікелей алған сахабалар, сосын оларды көріп, олардан дін үйренген табғиндар және үшінші буын табғиндарды көріп, олардан дін үйренген таба-табғиндар. Осылардың ішіндегі таза сәлаф – алғашқылар сахабалар ғана.

Одан кейінгілер сахабалардан кейін болғандықтан оларға «халаф», яғни кейінгі болып саналады. Бірақ бұл кейінгілік олардың ешбірінің де беделін түсіре алмайды. Дінде, міне осы 3 буын өкілдері ғана сәлафтар немесе сәлафи-с-солихиндер деп аталады. Міне, осылардан кейінгі ешбір адам өзін сәлаф қатарына қоса алмайды және салаф бола алмайды. Осы себепті ваххабия ахидасының өздерін «сәлафтармыз» деуі ешбір қисынға келмейді, бұны тіпті олардың шейхтары да айтпайды.

Алғашқы дәуір мұсылмандары болған Сәлаф-ус-салихин Әһли сүннет уәл жамағат ақидасында еді. Тек олар иман мен ақида ілімдерін ижмалы (қысқаша) түрде, ал кейінгі келген Халаф деп аталатын Әһли сүннет ғұламалары болса ақида ілімдерін кеңінен ашықтап білдірді. Бұл айтылған екі мәселе – астарлы мағыналы, жабық күйдегі мүтәшәбих аяттарда анық көрінеді. Мысалы Құран кәрімде мүтәшәбих сөздерден болған «йәд» сөзінің тура мағынасы «қол» дегенді білдіреді. «Истиуа» сөзі тура мағынада «отыру» дегенді білдіреді. Бірақ, бұл екі сөзді Аллаһу та’алаға қолданғанда тура мағынасы алынбайды, «йәд» сөзі құдірет, «истиуа» сөзі «билеуші, билігіне алушы” деп тәуил етіледі (тәфсирленеді). Хижри төртінші ғасырда Ханбәли мәзһабынан және Әһли сүннеттен бөлініп, өздерін сәләфия немесе сәлафи деп атаған кейбір азғындар, мүтәшәбих аяттарда және хадис шәрифтерде келген сөздердің тура мағынасын алып, өз ой-пікірлерімен қате мағына шығарды.

Осындай себептермен тәшбих және тәжсим (Алла Тағаланы Өзі жаратқан мақұлықтарына ұқсату) секілді қате сенімге ұрынды. Сөздерін сенімді етіп көрсете алулары үшін сәлаф-ус-салихин жолындамыз деп, өздерін сәлафилер деп атады. Ханбали мазһабының ғұламаларынан болған Әбул-Фәрәж ибни Жәузи және басқа да ғұламалар бұл сәләфиттердің Сәлаф-ус-салихиннің жолында емес екендіктерін, бидғатшы, мүжәссимә (Алла Тағаланы дене (зат)) деп аталатын топтан екенін білдіріп, бұл фитнаның жайылуына жол бермеді. Хижри жетінші ғасырда ибн Тәймия әл-Харрани (өлген жылы м.1328-х.728) бұл фитнаны қайта жандандырды. Ибн Тәймиянің шәкірті болған ибн Қаййум әл-Жаузи (өлген жылы м.1350-х.751) ұстазының адасқан жолын жалғастырды. Хижри он екінші ғасырда сәлафи фитнасы Мұхаммед бин Абдулуаһһаб тарапынан қайта ортаға шықты. Бұл ағым Оның және ибн Тәймияның жолындағылар тарапынан жалғасын тапты.

Ислам дінінде сәлафийә жолы деген нәрсе жоқ. Тек қана дұрыс ақида және сәлаф-ус-салихиннің жолы болған Әһли сүннет уәл жамағат жолы бар. Әһли сүннеттің Матуридийа және Әшарийа деген екі тармағы бар. Ғасырлар бойы мұсылмандар Әһли сүннет ақидасын осы екі тармақтан үйреніп келген.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: