21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Ағраф – жәннат пен тозақтың арасындағы бір мекен

Ағраф – жәннат пен тозақтың арасындағы бір мекен

Ақида
Жарнама

Алла тағала әлемдерді жаратып қана қоймай, әр әлемнің өзіне тән тұрғындарын, олардың ризық-несібелерін де жаратты. Сондай-ақ әрбір құлының бұл дүниедегі жасаған амалқұлшылығына сай баратын, ақыреттік мекендері – жәннат пен тозақты да жаратты.

Барлық амалдар таразыға тартылып, сараланып, жәннаттық немесе тозақтық адамдар анықталған соң, олардың арасында жақсы амалдары мен жаман амалдары тең болып қалатын жандар да кездеседі. Мұндай адамдар «ағрафтықтар» деп аталады. Ағраф – жәннат пен тозақтың арасындағы бір мекен. Олар Ағрафта тұрып, жәннатқа қараған сайын оған құштарлықтары артып кіруге дәмеленеді, ал тозаққа қараған сайын қорқыныштан дірілдеп, Алладан пана сұрайды. Осылайша, ағрафтықтар Алла рұқсат бергенге дейін біраз уақыт Ағрафта қала тұрады да, кейін Жаратушы тарапынан рақымшылық жасалып жаннатқа кіреді. Яғни ағрафтықтардың ақырында барар жері жәннат болмақ.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: