19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Фиқһ ғылымы білгірлерінің ұстанған жолы

Фиқһ ғылымы білгірлерінің ұстанған жолы

Ақида
Жарнама

Бұл адамдардың басты мақсаты Алла Тағала Кітабының, сондай-ақ Құранды түсіндіруге арналған сахих хадистер мен сахабалардың және табиғиндердің айтқандарының мән-мағынасын зерттеу болатын.

Олар қайсы хадистің сахих, қайсысының әлсіз екенін білуге ұмтылып, сөйтіп оларды түсінуге және олардың мағынасына жетуге әрекет жасап Алла елшісінің (с.а.с.) сүннетін зерттеді. Сондай-ақ олар сахабалар мен табиғиндердің Құранды түсіндіруді, хадистерді, халал мен харамды, сүннет негіздерін, жүректі жұмсартуға септігі тиетін тәркі дүниелікті, басқа да барлық мәселелерді қарастыратын түрлі ғылымдарға қатысты айтқан пікірлерін зерттеумен айналысты.

Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, тура жолмен жүріп үлкен дүниетанымдық білімге ие болған барлық көрнекі дін қайраткерлері осылай еткен, ал басқа жолды таңдағандардың барлығы да адасуға душар болады және басқаларды да адастырады, тыйым салынғанға бой ұрып, қажеттіні орындаудан бас тартады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: