Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен былай (қолымен бармағының ұшын көрсетіп) болса да біреудің кемшілігін сипаттағанды ұнатпаймын», – деген. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен кісілермен де жылы әзілдескен.
Алладан екі дүние бақытын сұрайтын дұға
Алла тағаладан екі дүниенің бақытын сұрау үшін мына дұғаны оқығаныңыз абзал:
Алланың құзырындағы құныңды білгің келсе...
Көрнекті ойшыл Атауллаһ Искендери өзінің «Әл-Хикәм ул-Атаия» атты еңбегінде: «Алланың құзырындағы құның мен қадір-қасиетіңді білгің келсе, сені қандай істің басында ұстағанына, қандай халде табылдырғанына бір қара», – дейді.
Ережеп айында ораза ұстаушыларға берілетін сый
Ережеп айы – Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі. Бұл ай – Алланың айы деп аталады. Бұл айда исра және миғраж түні және рағайып түні бар. Пайғамбар ғалайһиссаламнан сүннет болып қалған нәпіл ораза ұстау бар.
Неге ақылды адамдар көбіне кедей болады?
Бір күні Әзірет Әлиден «неге ақылды жандар көбіне кедей келеді?» деп сұрапты. Сонда Әли (р.а): «Құлдың ақылы ырзығына қосып есептеледі» деген екен.
Бауыржан Момышұлының келініне айтқан 6 алтын өсиеті
Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабында "Атаның маған айтқан ақыл сөздері" атты тарау бар. Бұл тарауда автор Бауыржан Момышұлының насихат сөздерін жариялаған. Біз бүгін Бауыржан Момышұлының келініне айтқан ақыл сөздерінен үзінді ұсынып отырмыз.
Жұма күні оқылуы тиіс ең қайырлы дұға
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген (Әт-тарғиб уат-тарһиб). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан (ақыретке жақын келетін бүлікшіл, суайт адам) сақталады» деген (Муслим).
Уайым-қайғыдан құтылу үшін осы дұғаны оқыңыз
Қайғыға тап болып, осы дұғаны айтқан адамға одан да қайырлы нәсіп болады!
Жүрегіңізді қалай рахаттандырасыз? (ғибратты оқиға)
Ертеде өзі бай әрі тақуа бір мұсылман емделу мақсатында Еуропа елдерінің біріне сапар шегеді. Мұның бойынан діндарлықтың белгісін байқаған емдеуші дәрігер оған былай деп тіл қатады:
Алладан перзент сұрағанда оқылатын таңдаулы дұғалар
Ұрпақ беру, бала сүйдіру – бір Алла Тағаланың ғана бұйрығымен болатын нығмет. Алладан өзге ешкім бала беріп, бақыт сыйлай алмайды. Артынан қайырлы, өнегелі ұрпақ қалдырып кетуді армандаған адам Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін әсте естен шығармауы тиіс. Егер әйел ұзақ уақыт бала сүйе алмай жүрсе, ерлі-зайыптылардың екеуі де күніне мына дұғаларды оқуына кеңес береміз.
Алладан ризық, несібе сұрағанда осы дұғаны оқыңыз
Ғибадаттың ең абзалы – Алладан жақсылықтың боларын күту. Ал сіз Алла Тағаладан ризық, байлық, несібе сұрағанда осы дұғаны оқыңыз.