22
Жұма,
Қараша

һижри

Жақсы адамды қалай тануға болады?

Жақсы адамды қалай тануға болады?

Ғибратнама
Жарнама

«Шын мәнінде Алла сендердің дене бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды»,- деді.

Жүрегі жақсы ниетке тола адам ешкімге жаманшылық ойламайды, күндемейді, қызғанбайды,жаманшылық жасамайды,тіліне ие боп жүреді, біреудің байлығын көріп ауырмайды,кедейді көріп асып-таспайды, көмек сұраған кісіге қолынан келгенше көмектеседі. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) көбірек Жәннатқа кіргізетін амал жайында сұралғанда, «Тақуалық және көркем мінез», - деп жауап берді. Көркем сөйлеу, адамдармен жақсы қарым - қатынаста болу, адамдарға сабырлы болып оларға жәрдем беру сияқты ұнамды болған мінез - құлықтардың исламда үлкен орны бар.

Әйгілі ғұлама Юсуф ибн Абдулбарр әл-Мәлики (Алла оны рақымына бөлесін):

«Мына үшеуі кісінің ақылы мен кеңпейілділігін көрсетеді. Олар:

1. Көршісі мақтаса

2. Туыстары мақтаса

3. Жанындағы жолдасы мақтаса» - деген екен.

Ал, Имам Малик болса: «Адамның алған білімі аз болса да, оны мына төрт нəрсе жоғары көтереді: қарапайымдылық, ұстамдылық, жомарттық және көркем мінез…» деді.

ummet.kz

Бөлісу: