Меню

16
Сәрсенбі,
Сәуір
18
Шәууәл
1446 һижри

Торайғыр бидің тапқырлығы

Торайғыр бидің тапқырлығы

Ғибратнама
Жарнама

Торайғыр ауырып жатқанда, жалғыз баласы Әбеттің сөзі. Өлейін деп жатқанда, Әбет деген жалғыз баласы бар екен: өзі мырза, өзі шора.

Атасы Торайғыр бидің қасына келіп:

– Әке, қалай боласыз? - депті.

– Қайдан білейін, мұнан бұрын өліп көріппін бе? - депті.

Сонда Әбет мырза жылаған екен дейді:

– Біз енді кімді әке қыламыз? – деп.

– Жылама, балам, жылама. Жақсы болсаң, өзің жұртқа әке боларсың. Жаман болсаң, әкесіз болам дейсің бе? Кім көрінген әке болар, - депті.

(Мәшһүр Жүсіп шығармалары, 12 томынан алынды)

Бөлісу: