22
Жұма,
Қараша

һижри

Әбден үйреніп қалған екенсің

Әбден үйреніп қалған екенсің

Ғибратнама
Жарнама

Ертеде ауыл-аймаққа сыйлы бір ақсақалдың жалғыз ұлы қайтқан екен. Ұлының қазасы қабырғасына батып әлгі қарт бүк түсіп жатып алған көрінеді.

Жақындары олай-бұлай алдаусыратқанға көнбеген соң әбден сасады. Сонда бір көрші әйел кешқұрым келіп, «қариямен ақылдасатын шаруам бар еді», дейді. Қарт кісі бүк түскен күйі, жүзін бері бұрмастан «айта бер» деген соң, көрші әйел әңгімесін бастайды.

«Мен біраз уақыт бұрын бір көршімнен уақытша таға тұруға моншақ алған едім. Кеше сол моншақты сұрай келіпті. Шынымды айтсам, қайтаруға қимай тұрмын. Осыны өзіме алып қала аламын ба?», дейді. Сонда ақсақал басын көтерместен: «Қимай тұрғаныңа қарағанда моншақты ұзақ қолданған екенсің, әбден үйреніп қалыпсың. Тездетіп егесіне қайтар», дейді.

Дәл осы сөзді күткендей көрші әйел де іле жөнеледі: «Ау, ақсақал, сіздің ұлыңызды да берген Алла қайтып алды. Әбден бойың үйреніп қалған соң көңіл қимайды, әрине. Бірақ әу баста, уақытша өмірге келген жоқ пе едік?» - дейді.

Мына сөзді естігенде ғана қария басын көтеріп, өзін жинақтаған екен.

Ummet.kz

Бөлісу: