22
Жұма,
Қараша

һижри

Рызық Беруші ешқайда кеткен жоқ

Рызық Беруші ешқайда кеткен жоқ

Ғибратнама
Жарнама

Тақуалығымен, терең құлшылығымен айналасына танымал болған Хатим әл-Асам бірде қажылыққа шығады.

Артында қалған отбасының уақыт өте келе азығы таусылып, ұнжырғасы түсіпті. Үй ішіндегілердің көңілсіз отырған кейпін көріп, Хатим әл-Асамның қызы күлген екен.

Таң қалған анасы одан: «Неге күлдің?» - дейді. Сонда қызы: «Қажылыққа кеткен әкеміз рызық беруші ме, әлде рызық жеуші ме?» - деп сұрайды. «Рызық жеуші», - дейді анасы, бұл сұраққа таңдана. Сонда күлімсіреген қызы: «Олай болса, рызықты Беруші ешқайда кеткен жоқ қой. Неге қайғырып отырсыңдар?» - дейді.

Бұлар осылай сөйлесіп отырғанда үйге қайдан келгені белгісіз бір қыран құс ұшып келеді. Артынша сырттан у-шу дыбыс шығады. Сөйтсе сол маңайда аң аулауға шыққан бір дәулетті кісі мен нөкерлерінің дауысы екен.  Бұлар сыртқа қыран құсты алып шығады. Өзі баптаған қыранын дін аман көрген дәулетті адам қуанып, оларға бір кесе алтын беріп кетеді.

Аяқасты, күтпеген жерден келген молшылыққа үй-іші мәз-мейрам боп отырса, Хатим әл-Асамның қызы мұңайып отыр екен. Мұны көріп анасы: «Енді неге мұңайдың?» - дейді. Сонда қызы: «Бірнеше күндік рызығымызға сеп болған дәулетті кісіге сонша алғыс жаудырып, риза болдық, ал өмір бойы несібемізді тоқтатпай, сұраусыз беріп жатқан Раббымызға осынша алғысымызды білдіре алдық па?» - деген екен.

Ummet.kz    

Бөлісу: