22
Жұма,
Қараша

һижри

Алланың құзырындағы құныңды білгің келсе...

Алланың құзырындағы құныңды білгің келсе...

Ғибратнама
Жарнама

Көрнекті ойшыл Атауллаһ Искендери өзінің «Әл-Хикәм ул-Атаия» атты еңбегінде: «Алланың құзырындағы құның мен қадір-қасиетіңді білгің келсе, сені қандай істің басында ұстағанына, қандай халде табылдырғанына бір қара», – дейді.

Ислам дінінде істің, жұмыстың, қызметтің, шаруаның құны қанша кіріс әкеліп, табыс тапқызғанымен өлшенбейді. Дінімізде істің құны – Құран сөзімен айтқанда, «салиқалы амал» болғанымен өлшенеді. Демек, маңыздысы – атқарып жүрген ісіңнің игі де қайырлы және адамзатқа пайдалы болуы тиіс.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдалы болғаны», – дейді. Басқа бір хадисінде де: «Алланың сондай бір құлдары бар, оларды адамдардың мұқтаждықтарын өтеу үшін жаратқан. Мұқтаж жағдайда адамдар соларды паналайды», – дейді.

Қазақтың еңбек философиясы да осы өлшемге негізделген. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», – десе, шәкірті Шәкәрім: «Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл», – дейді.

Ендеше, Алланың құзырындағы қадір-қасиетіңді білгің келсе, атқарып жүрген ісің адамзат игілігі үшін бе, жоқ па, соған бір мән бер...

ummet.kz

Бөлісу: