22
Жұма,
Қараша

һижри

«Жәннатта қарт кісілер болмайды» деген рас па?

«Жәннатта қарт кісілер болмайды»

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен былай (қолымен бармағының ұшын көрсетіп) болса да біреудің кемшілігін сипаттағанды ұнатпаймын», – деген. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен кісілермен де жылы әзілдескен.

Бірде қарт әйел келіп: «Мен де жұмақтағылардың қатарынан болғым келеді, дұға етіңізші» деп өтінгенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Жәннатта қарт кісілер болмайды» деп әзілдейді. Мұны тура мағынада түсінген әйел жылап кетіп қалады.

Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол кісіге айтыңыздаршы, әйелдер қартайған түрінде емес, Алла оларды уыздай жас күйінде жұмаққа кіргізеді» деп түсіндіреді. (Тирмизи). Орнымен әрі жұмсақ айтылған әзіл – құлшылық. Мұндай әзілдерді әдетке айналдыру арқылы Алла Тағаланың (Ей, Мұхаммед!) Айт: «Егер Алланы жақсы көретін болсаңдар, онда маған еріңдер. Сонда Алла сендерді жақсы көреді әрі күнәларыңды кешіреді. Ақиқатында, Алла – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді» деп» деген бұйрығына амал жасаған боламыз. («Әли-Имран» сүресінің 31-аят).

ummet.kz

Бөлісу: