22
Жұма,
Қараша

һижри

Таңертең деніңіз сау күйде оянсаңыз, мына дұғаны оқыңыз

Таңертең деніңіз сау күйде оянсаңыз, мына дұғаны оқыңыз

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына: «Араларыңнан кімде-кім аман-есен таң атырса, міндетті түрде осы дұғаны оқысын. Кеш батқанда да (дұғадағы таң сөзінің орнына кеш деп) міндетті түрде оқысын», − деп айтқаны жеткізілген.

Оқылуы: «Асбахнә уә асбахәл-мульку лилләһи Раббил-‘аләмиин. Аллаһуммә инни әс'әлукә хайра һәзәл-иәуми фәтхаһу уә насраһу уә нуураһу уә бәракәтәһу уә һудәәһу уә ә‘уузу бикә мин шәрри мә фииһи уә шәрри мә ба‘дәһу»

 

أصبحنا وأصبح الملك لله رب العالمين اللهم إني أسألك خير هذا اليوم فتحه ونصره ونوره وبركته وهداه وأعوذ بك من شر ما فيه وشر ما بعده.

Мағынасы: «Біз де, бар билік те әлемдердің Раббысы Алланың иелігінде болған күйде таң атырдық. Уа, Раббым! Сенен осы күннің жақсылығын – жеңісін, жәрдемін, нұрын, берекесін және тура жолын сұраймын. Сондай-ақ, осы күннің және осыдан кейінгі күндердің жамандығынан сақтай гөр деп бір Өзіңнен пана тілеймін!» Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4421

ummet.kz

Бөлісу: